• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

12.11.2021
0
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
537
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы  24 тамыздағы №2523 қаулысымен Тараз қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құрамы  бекітіліп, комиссия және әкімдікке қарасты бөлімдермен 2015-2025 жылдарға арналаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын орындау мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаларды жетілдіру бойынша тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды. 2021 жылға араналған мемлекеттік әлеуметтік маңызды жобалардың тізіміне «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағыталған іс-шаралар ұйымдастыру» лот тақырыбы енгізіліп 1 млн 785 мың 714 теңге, үкіметтік емес ұйымдары  арасында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп «Нығмет нұры» ҚБ женімпаз болып атанған.

Жыл басынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар, адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау мақсатында, Комиссия құрамымен екі комиссия отырысы өткізіліп,  «ANTIKOR-терме» атты online облыстық жас ақындар байқауы, «Адалдық – ардың ісі», «Жастардың таңдауы жемқорлықсыз өмір», «Адал бол!», «Пайда ойлама, ар ойла» тақырыптары аясында студенттермен кездесу, Ted-X форматында және «Ozinnen BASTA» тақырыбында кездесулер, «Жемқорлық — ғасыр дерті», «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» атты дискуссиялық алаң, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты дөңгелек үстел, «Адал ұрпақ» атты пікірсайыс турнирі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, идеология, иммунитет-адамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі» атты конференция, «Адал ұрпақ» атты шығарма байқауы және «СТОП ЖЕМҚОРЛЫҚ» атты постер байқауы ұйымдастырылған. Жемқорлық сипаттарын болдырмауды насихаттауға бағытталған қалалық «Jambyl Taraz» газетінде 34 мақала жарияланып, 6 хабарлама берілді, «JAMBYL» және «77 ТВ» телеарналарында 37 сюжет көрсетіліп,  «Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек» тақырыбында сұхбат берілді және мәдениет саласының үздігі Ә.Мұсапанов  жемқорлыққа қарсы туралы онлайн  сұхбат  жүргізіп,  әлеуметтік  желілерге жарияланған.

Сондай-ақ,  «Cыбайлас-жемқорлық» деген  ұғымды түсіндіру, өз көзқарастарын білдіру, дүниетанымдарын кеңейту, өз мемлекетіне  жауапкершілікпен  қарау және  әділдікке  тәрбиелеу мақсатында қалалық  кітапханаларда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Жемқорлықсыз ізгілікті қоғам» атты кітап көрмелері өткізіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі күн талабы» атты  пікір алмасу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты  ақпаратттық шолулар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің барлық бөлімдерінің қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселері бойынша тұрақты кездесулер өткізілуде.

 

Қазіргі таңда, әкімдікке қарасты бөлімдер бірнеше мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Бөлімдер тарапынан құжаттар қатаң мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына  сәйкес қабылдануда. Мемлекеттік қызметші мен қызмет алушының арасында тікелей қарым-қатынасты болдырмау, яғни сыбайлас жемқорлыққа жағдай тудыртпау мақсатында мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және веб-портал арқылы жүзеге асырылып отыр.

Осы орайда жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкерлер арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, Тараз қаласы әкімі аппараты тарапынан қажеттілігіне қарай қызметкерлер арасында анонимді сауалнамалар жүргізіліп тұрады және бөлім мамандарының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тест сұрақтары алынып мониторинг жүргізілді.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында қала әкімінің taraz-gov.kz сайтында барлық қажетті мәліметтерді көруге мүмкіндік жасалған, сондай-ақ халыққа арналған ақпарттық материалдар және әкімдіктің бөлімдерінде атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар белсенді жариялануда.

Тараз қаласында алғаш рет сервистік әкімдік офисінің жаңа жобасы 2019 жылы 09 шілдеде Тараз қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп жаңа форматта қызмет көрсететін «Жамбыл – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің ғимаратында орналастырылып, іске қосылды. Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мамандары «open space» форматында бір жерге шоғырланып, жұмыстарды атқарып келеді. Қалада сервистік қызмет көрсету үлгісіне көшуді Мемлекет басшысының қолдауын есепке ала отырып, әкімдіктің қызметін талаптарға сәйкес ұсыну үшін  сервистік әкімдіктің екінші офисі 2020 жылдың 18 тамызында Тараз қаласы, Төле би көшесі, 55 мекен-жайда орналасқан ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен қайта ұйымдастырылды. Сервистік әкімдік офисінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт бөлімдердің мамандары «open space» форматында бір жерде халыққа қызметтерін ұсынады. 2021 жыл басынан әр түрлі сұрақтар бойынша қала әкімі, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініштері бойынша нақты шаралар қабылдап, уақытылы жауаптары жолданып, түсініктемелер берілген.

Сонымен қатар, Тараз қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында қала әкімдігінде өтініш қарастыру кезінде жеке және заңды тұлғалармен сөйлесу және кездесу алгоритімі бекітілген. Комиссия өз деңгейінде жұмысын жалғастыруда.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: мемлекеттік қызметсыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылТараз
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты