• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Су тасқыны. Еріктілер 553,4 тоннадан аса гуманитарлық көмек жинады

Волонтерлер су тасқынынан зардап шеккендерге 553,4 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады.

08.04.2024
0
Су тасқыны. Еріктілер 553,4 тоннадан аса гуманитарлық көмек жинады

Жетісу облысының әкімдігі

74
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Волонтерлер Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Абай облыстарында жұмысын жалғастырып жатыр. Олар эвакуация пункттерінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп, жағалай бөгеттерді нығайтып, гуманитарлық көмек жинау пункттерінде де белсенді көмек көрсетуде.

Жалпы өңірлерде шамамен 25 000 волонтер жұмылдырылды.

Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау, Жетісу облыстарынан 553,4 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Оның ішінде 370 тоннадан астамы өңірлерге жеткізілді.
8500 ақтөбелік волонтер тәулік бойы гуманитарлық көмек жинауға атсалысып, жинау пункттерінен эвакопункттерге заттар мен өнімдерді тасымалдауға көмектесті, шұғыл қызмет мамандарын ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Ақмола облысында 300-ден астам волонтер 700 адамды эвакуациялауға, ТЖД қызметкерлері мен жұмысшыларға тамақ үлестіруге атсалысты.

Батыс Қазақстан облысында 4 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді. 400 автоволонтер халықты эвакуациялауға көмектесті. Су басқан аумақтарда 500 волонтер ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен айналысуда.

Қостанай облысындағы іс-шараларға 3000-ға жуық волонтер жұмылдырылды. Олар көшелер мен аулаларды аралап, эвакуациялау туралы халықты ескертіп, бөгеттерді нығайту, арықтар мен су арналарын бұру жұмыстарын жүргізіп, гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.

Атырау облысында волонтерлер штабы 24/7 режимінде жұмыс істейді. Бөгеттер салу жұмыстарына 5000-ға жуық ерікті жұмылған. Жылыой ауданының тұрғындарын эвакуациялауға 150 автоволонтер қатысты.

Түркістан облысынан Ақтөбе облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. 1000-ға жуық волонтер қызмет етті.
Алматы облысында еріктілердің көмегімен 117 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарына елордадан 250 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Астанадағы көмекке 500 адамнан жасақталған 30 волонтерлық ұйым қатысты.

Қызылорда облысынан Ақтөбе облысына азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық құралдар, дәрі-дәрмектер, құрылыс материалдары жіберілген 112 тонна көмек келді.

Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлік фронт-кеңсесі және «Көмек жаныңда» волонтерлік қозғалысы ТЖД-мен бірлесіп, су басуы мүмкін жерлерде халықты дайындау бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Олар қауіп төніп тұрған жерлерді аралап тұрғындарға нұсқау берді және су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер туралы ақпараттық материалдар таратты.

Волонтерлердің өңірлік фронт-кеңселерінің базасында байланыс орталықтар құрылғанын еске саламыз.

Зардап шеккендерге көмек көрсету және волонтерлерді бөліп, үйлестіру үшін бірыңғай байланыс нөмірі +7 708 706 4242 жұмыс істейді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: волонтергуманитарлық көмекеріктілерҚР Мәдениет және ақпарат министрлігісу тасқыны
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

20.05.2025
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский