Ведомство мәліметінше, 50 мыңнан астам қазақстандық өз үйлеріне оралды
Республика бойынша 9 445 тұрғын үй мен 3 186 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 15,8 млн еріген қар суы сорлды.
«50 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 5 568 адам уақытша орналасу пункттерінде», — деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде.
«Жағдай ерекше бақылауда», — деді спикер.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі