Алматы облысында республикалық «SportArtFest» байқауының финалы өтті.
Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – жастарды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда дамыту, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне еліміздегі 500-ден астам елді мекеннен 10 000-ға жуық жас қатысты. Үздік 20 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар үш күн бойы зияткерлік және шығармашылық жарыстарда бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша Жетісу облысының «Tau stars» командасы 1-ші орын, Жамбыл облысының «Шу жастары» командасы 2-ші орын алса, 3-ші орынды Атырау облысының «Firdaus» командасы иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры – 1 600 000 теңге.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі