Жалпы, аталған мекеменің жедел бөлімшесінің қызметкерлері жүйелі түрде облыс әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының өкілдерімен бірлесіп, сотты болғандарға жеке қабылдау өткізеді. Оның аясында деструктивті діни ағымдар, Ислам дінінің дәстүрлі құндылықтары мен жалған ұрандарды ұстанатын террористік секталардың тарихы жөнінде кең мағлұмат беріледі.
Бұдан бөлек, Қазақстанда тыйым салынған діни топтардың уағыздары және олардың ілімдерін аражігін ажырата білу хақында баса айтылады.