Бұл күні «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында еркіндікке жолдама алған 32 жасар ер адамға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, ҚАЖ қызметкерлері оған бұдан әрі қылмысқа бармау жөнінде ескертті.
Айта кетейік, А есімді азамат екі жыл бұрын Медеу аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 216 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.