Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін елдегі демократиялық процестердің дамуы заңдылық пен сот төрелігінің, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бастандықтарын қорғаудың сенімді кепілі бола алатын сот жүйесінің нығаюмен тығыз байланысты болды. Сот орналастыру моделін таңдауда Қазақстан жалпы юрисдикция мен төрелік соттардың бірігу жолмен жүрді. Ал азаматтық сот ісін жүргізуде Қазақстан шаруашылық істерді қарау жөніндегі алқаны және азаматтық істерді қарау жөніндегі алқаны біріктіру жолымен бір азаматтық алқа құрылатын жолмен жүрді.
Жаңа реформаның негізі мақсаты – әрбір сот сатысының тиімділігін арттыру. Сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы мен азаматтардың соттарға деген сенім деңгейі осыған байланысты. Сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша сот актілерін қолдану мен қайта қараудың бірыңғай қағидаларын енгізу ұсынылады. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін елдегі демократиялық процестердің дамуы заңдылық пен сот төрелігінің, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандыктарын қорғаудың сенімді кепілі бола алатын сот жүйесінің нығаюымен тығыз байланысты болды.
Кассациялық соттардың құрылуымен сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге бағытталған Жоғары Соттың рөлі де өзгереді: сот процесін ұйымдастыру, сонымен қатар, сот органдары мен судьяларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Бүгінгі Жоғары соттың мәліметі бойынша, істердің тек 5%-ы алқалы қарауға беріледі. Сондықтан кассациялық өтініштерді алдын ала қарау жойылады.
Соттардың құқық нормаларын түсіндіру мен қолданудың бірыңғай тәсілдермен сипатталатын сот практикасының біркелкілігіне Жоғары Соттың сот практикасы мәселелерін түсіндіретін нормативтік қаулылар қабылдауы арқылы ғана емес, сонымен қатар, төменгі соттардың сот актілерін қайта қарау нәтижесінде де қол жеткізіледі.
Осылайша, сот билігінің функцияларын нақты бөлу туралы көпжылдық пікірталастар заңнамалық деңгейде шешілді. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Заңында алғаш рет барлық соттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын қолдануы туралы ереже бекітілді, бұл қоғамның құқықтық әдет-ғұрыптар және моральдық-құқықтық ұғымдарының спектрі сияқты институттарды оның саласына тарта отырып, сот практикасында құқық қолданудың жаңа көкжиектерін ашты.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандадырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Б.Қадірбек