Тараз қаласы №2 сотының судьясы Ф.Утешова «Сот жүйесін жаңғырту» тақырыбында сұхбат берді. Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасымыз Қазақстанда құқықтық мемлекет құру, соның ішінде тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыру үшін барлық мүмкіншілікті жасап келеді. Бүгінде судьялар – табысы жоғары мемлекеттік қызметкерлер және олардың тәуелсіздіктері заң жүзінде белгіленді. Сот жүйесі шын мәніндегі тәуелсідікке ие болды. Жүктеменің көптігіне қарамастан, судьялар алға қойған мақсат-міндеттерді өз деңгейінде шешіп отыр. Сот корпусының негізгі бөлігін сауатты, принципшіл, кәсіби білікті судьялар құрайды. Сонымен қатар бүгінгі таңда сот қызметі – ең ашықта мөлдір мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев халыққа Жолдауының алтыншы бөлімінде сот жүйесін одан әрі жетілдіру мен жаңғыртудың қажеттілігін нақты атап көрсетті. Сонымен қатар Елбасы сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту үшін соттардың актілері әділ және заңды болуын талап етті.
Қолжетімділік, айқындық, жариялылық — заманауи демократиялық мемлекеттің сот саласының үш негізгі стандарты екендігін атап өтті. Сот саласының жариялылығы және қолжетімділігінің жетістігі ретінде жаңадан енгізілген жобалар халыққа ұсынылып.
Бүгінгі таңда, республика бойынша барлық сот отырысы залы бейне-дыбыс жазу құрылғыларымен 100 % қамтамасыз етілген. Бұл сот хатшыларына біршама жеңілдік бертіндігі рас. 2014 жылдың 9 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылған болатын. Аталған сервистер арқылы талап қою арызын, тиісті құжаттарды, бұдан бөлек қаралып жатқан қандай да бір істі электрондық түрде жолдап, қарауға болады. Сот ісін жүргізуде үздіксіз жаңа жобалар да енгізілген: электронды қылмыстық іс, істерді автоматты түрде бөлу жобалар қазіргі таңда жұмыс көрсетіп келеді.
Сот жүйесі жаңа технологиялар аясында Қазақстан Республикасы сот органдарында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық- талдау жүесі «ТӨРЕЛІК» бағдарламасы енгізілген, бұл жүйе арқылы сот ісін жүргізу электрондық тәсілмен жүргізіледі.
Аталған өзгерітердің барлығы дерлік сот жүйесін жаңа сатыға көтеріп, судьялар корпусы алдында үлкен міндеттемелер қояды.
Сұхбат соңында судья Ф.Утешова сот саласын қайта құруға мемлекет басшысының бұлайша ерекше мән беруінің астарында соттың жұмысын одан әрі жетілдіру, сол арқылы оның ашықтылығы мен қолжетімділігін және ең бастысы әділ сот төрелігін жүзеге асыру арқылы халықтың мүддесін қорғауды жүзеге асыруын қаматамасыз ету сияқты өмірдің өзі алға қойып отырған жоғары талап жатқаны күмәнсіз.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Ф.Утешова.