2022 жылғы 30 желтоқсанда Амиров Алмас мен кәмелетке толмаған Дүйсенқұл Әділет арасында ұялы телефонмен әңгіме барысында ұрыс орын алған, соңғылар екеуара қарым-қатынастарын анықтау үшін кездесуге келіскен.
Содан кейін кәмелетке толмаған Дүйсенқұл Әділет орын алған ұрыс туралы досы Шілдебай Алижанға айтып, онымен Амиров Алмас қатысты пышақ қолдануға тырысып және оған күш қолданумен ұштасқан бұзақылық жасауға алдын ала сөз байласқан, осы мақсатта кәмелетке толмаған Дүйсенқұл Әділет сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталмаған пышақпен қаруланып, Шілдебай Алижанмен бірге кездесуге барған.
Сонымен бірге, Шілдебай Алижан кәмелетке толмаған Дүйсенқұл Әділетпен алдын ала сөз байласып адамдар тобымен, қоғамдық орында, азаматтарға күш қолданумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатігездікпен бұзып, Дүйсенқұл Әділеттен Амиров Алмасқа дене жарақатын салатын пышақ бар екенін алдын ала біліп, соңғының бетінен бірінші болып жұдырықпен соққы жасаған. Нәтижесінде, Шілдебай Алижанның соққысынан Амиров Алмас жерге құлағаннан кейін соңғы мен Дүйсенқұл Әділет арасында төбелес орын алған.
Сол кезде, кәмелетке толмаған Дүйсенқұл Әділет алдында орын алған бұзақылықтың шегінен шығып, Амиров Алмас арасындағы бұрын соңды пайда болған бас араздығы негізінде, өзіндегі пышақ түріндегі қылмыс қаруымен, Амиров Алмас өлімнің орын алу мүмкіндігін алдын ала біліп, оған саналы түрде жол беріп, кеуде және ішіне енген шаншып-кесілген, оның ішінде төссүйек денесін, перикардты, қолқа доғасының бәсеңдейтін бөлігін, сол жақ өкпесін, көк етті, үлкен шырбыны, жіңішке ішек және оның шажырқайына бірнеше терең пышақ жарақаттарын салған, нәтижесінде жаппай ішілік қан кетіп Алмас Амиров ауруханаға жетпей қайтыс болған.
Тараптардың позициясы:
Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті Дүйсенқұл Әділетке 10 жылға, Шілдебай Алижанға 4 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушылар Дүйсенқұл және Шілдебай кінәлерін мойындамады.
Дәлелдемелер бойынша:
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: сотталушылардың және куәлердің жауаптарымен, тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында толтырылған процессуалдық құжаттармен, сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.
Сот шешімі:
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға Дүйсенқұл Әділеттің кәмелетке толмаған жасын, тұрғылықты жері бойынша жақсы мінезделуін табады. Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға Шілдебай Алижанның тұрғылықты жері бойынша жақсы мінезделуін табады. Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.
Сот үкімімен Шілдебай Алижанға ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі бойынша 4 жыл 8 ай, Дүйсенқұл Әділетке қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі, ҚК-нің 99 бабы 2 бөлігі 9 тармағы бойынша, жазаларды ішінара қосу арқылы, Дүйсенқұл Әділетке түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі