Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылы, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінде «Шылым шегудің зияндары» тақырыбында семинар өткізілді.
Шараға Байзақ ауданы «Жастар деңсаулық орталығы» КММ-нің маманы Ж.Нысанбаев, психолог маман Б.Тілеухан және «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Камал қатысты. Жиынды ашып жүргізген Т.Камал: «Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды. Нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіні әуестендіруге, соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады, еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті мектептерде де сатып алуға болады. Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса, қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады»– деді ол. Сондай-ақ Б.Тілеухан синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұратынын айтып, бір пайдалансаң жайын жай табады,керемет күйге түсесің деп алдайтынын алға тартты. Сондай-ақ Ж.Нысанбаев аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалатынын айтты. Жастар кездесуге белсенді қатысып отырды және де жастар тарапынан сұрақтар қойылды.