Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатындардың Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті.
2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.
Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті. Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды.
Алынған заттардың жалпы салмағы 2 келіден асты.
Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы
1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.