Сөз басын Мемлекет басшысы айтқан креативті индустрияны дамыту, облыстың экономикалық, әлеуметтік жағдайы туралы ойларымен бастаған аймақ басшысы мәдениет саласындағы жағымды жаңалықтарды ортаға салды.
-Қазіргі таңда мәдениет саласы бойынша қаламызда орналасқан «Жамбылтану» орталығында ақын, жыршы-термешілер одағын ашу, республикалық деңгейде Шерхан Мұртаза атындағы мемлекеттік сыйлық тағайындау, жастар театрын ашу сынды бастамалар қолға алынуда. Ол өздеріңізге де белгілі оң бастамалар. Бұл жобалар алдағы уақытта Әулиеата өңіріндегі өнер мен мәдениеттің деңгейін арттырады деп сенеміз, — деді Ербол Шырақбайұлы.
ҚР Еңбеk сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков, ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанова, композитор, Мәдениет қайраткері Дүйсенәлі Бықыбаев облыс әкімінен кейін сөз алып, ұсыныс- пікірлерін ортаға салды.
Жиында сала ардагерлері тарапынан халықаралық театр фестивальін ұйымдастыру, облыстағы қазақ және орыс драма театрының ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Тараз» триосының 50 жылдығы, облыстық қазақ драма театрының 90 жылдығы, қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың 110 жылдығы т.б. айтулы даталарды өз деңгейінде атап өту сынды ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында облыс әкімі сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, естелік суреттерге түсті.