• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
07.08.2026, 16:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сегіз айдың ішінде Жамбыл облысында қылмыс саны 12 пайызға азайды

turan_admin turan_admin
23.09.2019, 20:51
Абырой, Жаңалықтар, Облыс жаңалықтары
Сегіз айдың ішінде Жамбыл облысында қылмыс саны 12 пайызға азайды

????????????????????????????????????

282
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

 

Аптаның соңғы жұмыс күндері жамбылдық полицейлер үшін ерекше іс-шараларға толы болды. 19 қыркүйекте бірден бес фронт-кеңсе ашылса, бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев биылдыққа екінші рет халыққа есеп беру кездесуін өткізді, ал кешке қарай Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековпен бірге патрульдік полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті.

Облыс тұрғындарымен кездесу Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің мәжіліс залында өтті, кездесуге келген халықтың көпшілігі   залға сыймады. Өзінің кіріспе сөзінде Арман Оразалиев құқық қорғау органдары ашықтық пен жариялылық қағидаттарын енгізу, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, халықпен тығыз байланыс орнату бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар атқарылып жатқанын  атап өтті.

— Айта кетерлігі, кездесуде түрлі аспектілер бойынша толық түсініктеме беруге дайын Полиция департаментінің әртүрлі қызметтері мен басқармаларының барлық басшылары отыр. Сондықтан кейбір көтерілген мәселелерді біз бірден шеше аламыз деп ойлаймын, — деді Департамент бастығы.

Тұрғындармен ашық диалогқа кіріспес бұрын Арман Молдиярұлы облыс ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың сегіз айындағы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы қысқаша айтып өтті.

Басты  көрсеткіштер — жалпы қылмыстардың 12% — ға (6464-тен 5680-ге дейін) төмендеуіне қол жеткізілді, кісі өлтіру, тонау, қарақшылық шабуыл, алаяқтық, бұзақылық, ұрлық, соның ішінде мал ұрлығы және ұялы телефон мен пәтер ұрлығының саны азайды.

Облыс орталығында жаяу патрульдер саны артып, бейнебақылау жүйесі кеңейтілуде, қолайсыз аудандарда тұрақты  жұмыстар жүргізілуде. Алдын алу шараларының нәтижесінде қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстар саны айтарлықтай қысқарды.

ПД бастығы заңнамаға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде енді ұрыларды бірнеше рет жасалған құқық бұзушылықтар қағидаты бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатынын атап өтті.

    Сондай-ақ, Тараздың орталық зиратындағы вандализм  мәселесін де айналып өтпеді.

-Барлық өтініштер бойынша қылмыстық істер қозғалып, «бірнеше  рет» жасалыну белгісін қолдана отырып, ұсталған тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданамыз. Алдағы уақытта осындай деректерді болдырмау үшін зират аумағын патрульдеу бағыты, сондай-ақ металл қабылдау бекеттерін тексеру жұмыстары қарастырылған, — деп толықтырды өз сөзін А. Оразалиев.

Есірткі қылмысына қарсы күреске келетін болсақ, заңсыз айналымнан екі тоннадан астам түрлі есірткі, алты келіден астам героин және 115 келіден  астам гашиш есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ, синтетикалық есірткінің таралуына байланысты жарнама жасаған 19 сайт анықталды.

Баяндаманы қорытындылай келе, Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев «Жолдағы қабылдау», «Ауладағы қабылдау» акциялары шеңберінде азаматтармен кездесулер, сондай-ақ мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесулер, сонымен қатар фронт-кеңселерде жеке қабылдаулар жалғасатынын атап өтті.

Іс-шара «сұрақ-жауап» форматына өткен соң, бірнеше қала тұрғындары өздерінің учаскелік инспекторларына алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлеріне моральдық қолдау көрсетті. Нақты мәселелер бойынша айтар болсақ, Сейдахметов Бекболат есімді ақсақал А.Асқаров көшесі бойында  орналасқан орталық базарға жақын жолға бағдаршам орнатуды сұрады.

 «Шалғай Қарасу» ауданының тұрғыны Әйгерім Жалабай балалар алаңқайларының  маңында жиі кездестіруге болатын қаңғыбас иттерге қатысты шара қолдануды сұрады.

Осы және басқа да мәселелерді ПД бастығы жеке бақылауға алды, кейбір мәселелер осы жерде шешілді.   

Кешке жақын Тараз қаласының орталық алаңында Арман Оразалиев облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековпен бірге патрульдік полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті.  Құқық бұзушыларды іздеу және құрықтау бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған жоғары өтімді 102 автокөлік өз иелеріне табыс етілді. Ағымдағы жылдың шілде айында 131 автокөлік учаскелік инспекторларға берілген болатын, ал 2020 жылы әрбір УПИ көлікпен қамтамасыз ету жоспарда қарастырылған. Бұл ең алдымен облыстың шалғай ауылдарындағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Арман Оразалиев құқық қорғау органдарына айтарлықтай қолдау көрсеткені үшін облыс әкімдігіне алғыс білдіріп, патрульдік полиция қызметкерлеріне  өз әріптестері А. Есенов пен Қ. Әбсаттаровтан үлгі алу қажеттілігін айтты, олар осы жылдың сегіз айында 1,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегін  анықтаған.

Кез келген, тіпті қоғамдық тәртіп пен тазалықтың ең ұсақ бұзушылық деректеріне  қатысты жаза қарастырылуы керек, себебі тек осылай, нөлдік төзімділік әдісімен біз өз өмірімізді жақсарта аламыз.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15
Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21
«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Халық үні»: басты міндет – сайлаудың ашықтығын бақылау

07.08.2026, 13:12

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.