• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Бүгін Тараз қаласына жұмыс сапармен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді

06.06.2025
0
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Министр алғашқы кезекте Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне барып ұжыммен кездесіп, мәселелеріне жауап берді.

«Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі министрден эксклюзивті сұхбат алды.

  • Тараз қаласына қош келдіңіз! Су шаруашылығы және ирригация университетіндегі мұғалімдердің жан айқайы туралы қандай пікір айтасыз ?

Біріншіден ия, біраз мәселелер жиналып қалған оны мойындаймыз, бүгін біз арнайы министрлік командасымен келдік. Өзім, менің орынбасарым осы академиялық сұрақтар бойынша, заң департаментінің басшысы, кадр департаментінің басшысы, екі кеңесшім бірнеше мәселелерді талқыладық. 5 негізгі мәселе. 1-кадрлық саясатқа қатысты шын мәнінде де біздің оқытушыларымыз Тараз өңірлік университетінен жаңа ұлттық университетке көшкенде олардың жұмыс өтілдері демалыс, айлықтары бәрі қысқарылып қалды. Сондықтан оның шешімін табамыз, біріншіден профсоюз құрылды, осыдан екі күн бұрын, кәсіподақтың басшысы тағайындалды, енді біз ұжымдық келісімшартты пысықтауды бастадық. Сол ұжымдық келісімшарттың ішінде әр оқытушының, әр профессордың құқықтары қорғалынатын болады. Жалақысына қатысты, премиясына қатысты, демалысына қатысты, Жамбыл өңіріндегі өңірлік кәсіподақтың өкілі бар сол кісіде бүгін қатысты, 4 сағаттай отырдық сондықтан ұжымдық келісімшарттың аясында сол мәселелерді шешетін боламыз.
2-қаржыландыру инфрақұрылым мәселелері. Қаржыландыруға келетін болсақ біріншіден облыс әкімімен келістік республикалық өңірлік бюджет арасында қарым-қатынастарды айқындадық. Қазір өңірлік бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінетін болады. Осы жылдың соңына дейін, келесі жылдың басында бүкіл университеттің алаңы, безендірілуі, ремонт жұмыстары, саябағы өңірлік бюджетпен қамтамасыз етілетін болады. Қазір жұмыстар басталып кетті, мердігерлер айқындалды. Оның үстіне біз 1,5 млрд теңге қосымша үлкен ғылыми бағдарлама арқылы осы 1 айдың ішінде университетке беретін боламыз. Ол қазіргі таңда ұлттық университеттің ғалымдарына үлкен серпіліс береді, бірнеше тоқтап қалған ғылыми жоба қамтуға қосымша қаржыландыруды іске қосуға және жабдықтауға.
Оның үстіне біз қазіргі таңда шет елдік үлкен Француз компаниясымен келістік, осы маусымның 20-сынан кейін келеді, өкілдері зертхананы демеуші ретінде тегін береді университетімізге, сондықтан жаңа оқу жылында осы күзде үлкен зертхананы іске қосатын боламыз. Бұл гидрогеология, құрылыс үлкен зертхана кәдімгі ең соңғы жабдықтармен жабдықталған, оның үстіне қазіргі таңда біз мемлекеттік тапсырыс аясында гранттарды жинақтап су шаруашылығы мамандықтар бойынша 1 мың грантты тікелей арнайы квотамен университетке беретін боламыз. Білесіздер Ұлттық университет мәртебесі алғандықтан оның коэффициенті жоғары болу керек. Басқа мемлекеттік, өңірлік университеттер 800-900 мың шамасында болса, ұлттық университеттерде гранттың құны 1 200 000 теңге. Ол қазіргі таңда мынау қабылдау комиссия үлкен мән береміз, өзімнің Руслан Емелбаев көмекшім келіп осы жақта айналысады, келіп көмектеседі. Соңғы екі нәрсе көсектесетін ол диссертациялық кеңестің құрылуы, неге десеңіздер, қазір диссертациялық кеңес ТарГУ-да қалып қалды. Жаңа университетке өзінің кадрлар даярлайтын, докторантура қорғалатын бір алаң керек, оны осы 3 айдың ішінде пысықтап береміз. Оқу-әдістемелік бірлестік, яғни, су шаруашылығына қатысты жаңа мамандықтар , олардың құрылымы, мазмұны енді осы ұлттық университеттің аясында қаралатын болады. Бұл да бір үлкен ұлттық университетке кадр тартуға, мықты-мықты ғалымдарды тартуға бір үлкен серпіліс береді. Енді кадрлық мәселеге тоқталатын болсақ, келесі аптада біз ең мықты тәжірбиелі бірінші орынбасар проректорлыққа кандидатты пысықтап жіберетін боламыз. Бүкіл ішкі мәселелерді жинақтауға мына академиялық мәселелер сағат, пед-нагрузка, бәрін жаңа оқу жылына дейін реттейміз. Жаңадан бірінші проректор келеді. Қазіргі бірінші проректор қазір кетті жұмыстан, мәселелерді қолға ала алмады. Академиялық бірінші проректор министрдің бұйрығымен тағайындалады, ол бүгін тоқтатылды. Қазір орталықтан ең мықты тәжірибелі адамды жіберетін боламыз. Оның үстіне қазіргі таңда Қойбақов тәрізді мықты осы саладағы академиктер, олармен жеке мен 12 адаммен кездестім кабинетте, олардың мәселелерін де біз қазір қолға алатын боламыз, ондай мықты кадрлардан қол үзбеуіміз керек, олар зейнеткерлік жасқа жетсе де әлі әлеуеттері бар, беретін нәрселері мол университетімізге, сондықтан сол кісімен, тағы да 12 адамның жеке жеке мәселелерін қарадым. 1-2 айдың ішінде мәселелері шешілетін болады.

  • Кәмшат Тусупованың жағдайы қалай болады?

Қазіргі таңда бұл тағайындалған ректор, әлі 1 жыл жұмыс істеген жоқ, сондықтан оған мүмкіндік беруіміз керек, ия, мәселелер жинақталды. Ол мәселелердің барлығын шешеміз біз, мен тікелей өзімнің бақылауыма алдым. Бүгін ұжыммен кездестік, бүкіл 160 адам келді, оларға осы сізге айтқан мәлімдемені бердім, міндеттемені алдым өзіме. Тағы да бақылайық жағдайды көрейік. Түзетсек, аяққа тұрғызсақ қалады. Болмаса ақылдасамыз, ұжымдық шешім болады. Соңғы нәрсе жинақталған инфрақұрылымдық мәселе, жатақхана мәселелері шешіледі. Өңірлік бюджеттен бөлінген 1,6 миллиардтың ішінде ішкі ремонты бар, жылу мерзіміне дайындығы, безендіруі мен саябақ мәселелері бар. Республикалқ бюджет ол ұзақ мәселе, ол 2-3 жылға созылып кетеді, мемлекттік инвестициясы бар, жобасы бар, ал өңірлік бюджеттен ол тезірек шешіледі, облыс әкіміне де рахметімізді айтамыз, бізді қолдап республикалық , өңірлік бюджеттің арасындағы бір механизм арқылы көсектесетін болады. Сол арқылы жатақхана да басқа да инфрақұрылымдық мәселелерді қолға алатын боламыз.

Сұхбаттасқан Исламбек Дастан

Тегтер: Саясат Нұрбек
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

05.06.2025
Шерзат ісі: сот үкімі шықты

Шерзат ісі: сот үкімі шықты

05.06.2025
Жамбылда натрий цианиді зауытының ІІ кезеңі салынып жатыр

Жамбылда натрий цианиді зауытының ІІ кезеңі салынып жатыр

05.06.2025
Өңірде оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамту үшін жаңа технология қолданылады

Өңірде оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамту үшін жаңа технология қолданылады

05.06.2025
Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

05.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді

05.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты