Жамбыл облысы Сарысу ауданының білім бөлімінің М.Әуезов атындағы орта мектебі директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті Сарысу ауданының төтенше жағдайлар» бөлімі (әрі қарай Департамент) 2022 жылдың 25-26 мамыр аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай-Мекеме) өрт қауіпсіздігі саласындағы өрт техникалық тексеру жұмыстарын жүргізген.
Тексеру нәтижесімен Департамент Мекемеге 2022 жылғы 4 наурызда №11 бұзушылықты жою туралы нұсқама берген. Орындалу мерзімі-2022 жылғы 13 мамыр.
ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес Осы Кодекстің 162 және 227- баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Департаментпен М.Әуезов атындағы мектебінің ғимараттарында өрт қауіпсіздігі саласындағы өрт техникалық тексеру жұмыстары өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды жою туралы №11 нұсқамасымен 17 кемшілік анықталып, 2022 жылғы 13 мамырға дейін жою үшін мерзім берілген. Алайда, Мекеменің директоры Департаменттің нұсқамасын тиісінше орындамаған. Лауазымды тұлғамен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» қаулысы бұзылған. Мекеменің әрекеті 2022 жылғы 26 мамырдағы №223160090000064 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, 4 наурыз 2022 жылғы бұзушылықтарды жою туралы №11 нұсқамамен бекітілді.
Сарысу ауданы сотының қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған қызметін тоқтаусыз, мектеп директорына әкімшілік айыппұл салынды.