• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Аналитикалық жаңалықтар

«САРАҢ» БАС ДӘРІГЕР ЖҰМЫСҚА ШЫҚҚАНЫ РАС ПА?

11.10.2020
1
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ағымдағы жылдың 29 маусымда Жуалы аудандық орталық емхананың лаборанты Фарида Жанбатырова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын. Видеоүндеуде медицина қызметкері Фарида Қанатбекқызы карантин кезінде індеттің алдын алу шараларына байланысты бірінші бекетте рентген лаборант болып жұмыс істеген. Оның сөзінше, басшылар үкіметтен берілген қаржыны қайтаруын талап еткен.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа! Мен Жанбатырова Фарида Қанатбекқызы 1995 жылдан бастап Жуалы ауданы орталық ауруханасына қарасты емханада рентген лаборант болып қызмет атқарамын. 2020 жылдың сәуір айынан бастап ауруханаға кіреберіс жердегі бірінші бекетте таңғы сағат 07:30-дан кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істедім. Сәуір айында есепшотымызға айлығымызға қосымша ретінде үкіметтен 160 мың теңге түсті. Оған көп-көп рақмет айтамын. Енді біздің емхана басшылары осы 160 мың теңгенің 39 мың теңгесін қайтаруымызды талап етті. Неге деп сұрағанымда «Жоғарыдағы басшылардың талабы, соларға қайтарып береміз» деді. Бекетте отырған барлық қызметкерден ақшаны толық жинап алды. Менде сол ақшаны өз қолыммен апарып беруге мәжбүр болдым» делінген видеоүндеуде.

Видеодағы мәселе бойынша 2 шілде күні Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтында төмендегідей ақпарат жарияланған болатын: 

Әлеуметтік желілерде жарияланған Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Фарида Жанбатырованың өтініші бойынша ішкі тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия жіберілді.

Комиссия құрамына денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғам өкілдері енген. Комиссия мүшелері медицина қызметкерлерімен, медициналық мекеме ұжымымен жеке кездесулер өткізіп, сондай-ақ анонимді сауалнама жүргізді.

Комиссияның алдына айтылған барлық фактілерді объективті және бейтарап түрде анықтау, емдеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдау міндеті қойылды.

Қызметтік тексерістің алдын ала нәтижелері бойынша Ф.Жанбатырованың кейбір дәлелдері расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған ең алдымен емдеу мекемесі басшылығының өзінің кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарауы әсер еткен.

Жіберілген бұзушылықтар үшін ОАА бас дәрігері Б.Алпысбай, бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А.Байтореев қызметінен босатылатын болады. Сондай-ақ, Жуалы ауданының әкімі Н. Ергебековке сөгіс жарияланады. Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының жауапкершілігі карантин мерзімі аяқталған соң қаралатын болады.

Істің барлық материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Қазақстан Ресубликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі “ANTIKOR NEWS” телеграммдағы каналы арқылы 17 шілде күні «Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МҚК лауазымды тұлғаларына қатысты ақша қаражатын иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МҚК лауазымды тұлғаларына қатысты медқызметкерлердің шағымдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу «COVID-19» коронавирус инфекциясының пандемиясы жағдайында эпидемияға қарсы шаралар үшін осыған дейін еңбекақыға аударылған қосымша үстемақыдан ақша қаражатын иемдену фактісі бойынша жүргізілуде. ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды” — деп мәлім таратқан болатын.

Ал, 9 қыркүйек күні Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, блогер Исламбек Дастан Жуалы ауданы орталық ауруханасына барып, бас дәрігердің жұмыста екендігі туралы хабарлады 

Осы жәйт бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды: Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігеріне байланысты мәселе бойынша басқарма қызметкерлерімен арнайы жұмысшы тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілген, оның барысында Жуалы аудандық орталық аурухана басшыларымен заң бұзушылықтар көрінісі байқалды. Жоғарыдағы мәліметтер негізінде аталған мәселе бойынша тиісті материалдар Қазақстан Ресубликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментіне, өз құзіреттілігі шегінде қарау үшін жолданды. СЖҚІА Жамбыл облысы бойынша Департаментімен аталған арыздардың негізінде Жуалы аудандық орталық ауруханасының басшыларына қатысты қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда, аталған қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталған жоқ. Құзырлы органнан Жуалы аудандық орталық ауруханасы басшыларын жұмыстан шеттетуге қаулы берілген жоқ. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Жуалы аудандық орталық ауруханасы “Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері 5.10.2020 жылы еңбекке жарамсыздық парағының жабылуына байланысты міндетін атқару үшін жұмысқа қайта кірісті. 7.10.2020 жылы Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан жұмысшы топ келіп, аурухана ұжымындағы моральдық ақуалды зерделеу үшін , қалыптастыру үшін аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Бұл жиналысқа бас дәрігер қатысқан жоқ. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот шешімі шықпай тұрып азаматты кінәлі деп тануға болмайды. Бейнежазбада көрсетілген уақытта бас дәрігер аудандағы денсаулық сақтау объектілерін жылыту мауысымына дайындығын тексеруге кеткен болатын” — деп пікір білдірді.

Сонда Жамбыл облысы әкімдігі таратқан ақпараттағы мәселе қайда? Неге үш ай еңбекке жарамсыз болған бас дәрігер кейін қайта ештеңке болмағандай жұмыс орнына келе салған дұрыс па? Әдеп нормалары сақталу жағдайы сақтала ма?!  Ресми өкілдерден жауап күтіп, ары қарай бақылауымызда болады.

TURANINFO.KZ

Тегтер: Tarazturaninfoturaninfo.kzАлпысбай БатиханБатырхан алпысбайЕрбеков НұрбайЖУАЛЫЖуалы ауданыпоборыфарида жанбатыровацрбцрб жуалы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты