Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру мекемелеріндегі дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндерінің оқытушы — ұйымдастырушыларына арналған «Дене шынықтыру пәні мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі өтті.
Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану мен қимыл қозғалыс дағдыларын және әрбір білім алушыларға мемлекетті қорғау туралы ойларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған онлайн отырыста аталған пән мұғалімдері, жаңаша ақпараттармен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 175 оқытушы ұйымдастырушы және үйірме жетекшілері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы