Бүгінгі күні ТМД-ға белгіленген шекті көтерме баға оны өндіру құнынан төмен.
ТМД өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді.
Өндіруші зауыттар үшін бекітілген шекті көтерме баға ҚҚС есептемегенде тоннасына 40 320 теңгені құрайды.
«Сұйытылған мұнай газ өндірісінің тиімсіздігіне байланысты сала шығынға ұшырайды, тұрақты жөндеу жұмыстары жүргізілмейді және жаңғыртуға қаражат салынбайды», — деп атап өтті министр.
Қазақстанда ТМД-дағы ең төмен бағалардың бірі — аймаққа байланысты 54-86 теңге. Салыстыру үшін Ресейде бір литр газдың бағасы 165 теңгені, Қырғызстанда – 159 теңгені, Әзербайжанда – 171 теңгені, Тәжікстанда – 273 теңгені құрайды.
Ел халқының ішкі қажеттіліктерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Министрлік пен «Теңізшевройл» ЖШС арасында ай сайын 20 мың тонна ТМД жеткізу туралы келісімге қол қойылды.
Бүгінгі таңда «QazaqGaz «ҰК» АҚ және Солтүстік Каспий жобасының акционерлері ағымдағы жылдың соңына дейін көлемі жылына 700 мың тоннаға дейін Қашаған ТМД-ны сатып алу-сату шартына қол қою мәселесін пысықтауда.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі