1 шілдеде Facebook әлеуметтік желісінің мониторингі барысында Қ.Сәтбаев атындағы арнада балықтың болжамды қырылуы туралы жарияланым анықталды.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл +хемасына сәйкес Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы барлық мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етті.
2 шілдеде Инспекцияның мемлекеттік инспекторлары уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, болжамды балық қырылуы анықталған орынға жедел тәртіппен шықты.
Жедел топ Қ. Сәтбаев атындағы магистральдық арнасында балықтың өлу дерегін анықтаған жоқ.