• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ҚҰРЫЛЫСТЫ САПАЛЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМ ЖҮРГІЗУГЕ НЕ КЕДЕРГІ?

30.04.2021
0
ҚҰРЫЛЫСТЫ САПАЛЫ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМ ЖҮРГІЗУГЕ НЕ КЕДЕРГІ?
207
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Құрылыс саласындағы басты мәселелердің бірі – құрылыс сапасының дұрыс бақыланбауы десек, оны кейбір мердігерлер жұмыс құнын төмендете отырып, өз пайдаларын еселеу жолына тырысады. Мұндай мәселеге жол бермес үшін қандай шаралар қабылданғаны ләзім? Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жан-жақты сараланды.

Салынып жатқан нысандардың сапасы – тұрғындар үшін аса маңызды, өйткені олар сол нысандарды пайдаланушылар болып табылады. Перзентханалар, мектептер, университеттер, мекемелер мен ұйымдардың ғимараттары барынша сапалы салынуы тиіс. Дегенмен, өкінішке орай, бұл талап әрдайым сақтала бермейді.

Құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, салынып жатқан нысандардың сапасына ең алдымен дұрыс әзірленбеген жобалық-сметалық құжаттама әсер етеді. Кейбір жобалаушылар құрылыс аумағына барып, мән-жаймен таныспастан, ескірген топографиялық деректерді пайдаланып жатады. Нақты іс жүзінде жергілікті геологияны саралауға көңіл де бөлмейді. Айталық, Жуалы және Байзақ аудандарындағы мектептердің құрылысы кезінде жер асты суларының көтерілгені соны көрсетеді.

Жобаны оңтайландыру немесе құнын төмендету үшін жоба жеке нұсқасымен сызылады десек, көшіруді қажет ететін инженерлік коммуникациялар мен бұзылатын ескі ғимараттарды көрсетпеу жайлары жиі кездеседі. Мысалы, Тараз қаласындағы №22 жаңа мектебінің құрылыс алаңында жоғары кернеулі Вл-110 желісін көшіру мәселесі ескерусіз қалған. Егер жобаға сүйенер болсақ, онда Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылындағы мәдениет үйінің ЖСҚ-да сыртқы электр, су, газбен жабдықтау желілері, абаттандыру мен қоршау жұмыстарының шығындары мүлде қаралмаған. Тараз қаласының №16 және №2 мектептерінің дәліздеріндегі желдету нысандарының жобалық шешімі эстетикалық жағымсыз әсер сыйлайды.

Тапсырыс берушілерде жобаларды сапалы тексеруге қабілетті тәжірибелі мамандардың жетіспеушілігінің салдарынан құрылыс барысында түрлі олқылықтар орын алып, оларды шұғыл жоюға тура келеді. Ерлан Орынбаевтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама «Сәулет бюросы» шеңберіндегі жұмыс тобымен келісілуі керек.

Сонымен қатар, инженерлік желілерге қосылу үшін монополисттердің берілетін техникалық шарттардың талаптарын орындау барысы жоба құнының қымбаттауына әкеп соғады. Мәселен, жоғары вольтты желі тарту және трансформатор орнату жұмыстары Жамбыл ауданының Шоқай ауылындағы 150 орындық мектептің құнын 93,2 миллион теңгеге арттырған.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақытылы өткізу мәселесі де күн тәртібінен түспей келеді. Осы орайда, құрылысы жоспарланған 213 нысанның 12-сі бойынша әлі күнге конкурстары аяқталмаған.

Құрылыс материалдарына келетін болсақ, көптеген жергілікті компаниялар маусым кезінде тапсырыс көлемін еңсере алмай жатады, бұл жағдайда құрылысшылар шетелдік жеткізушілерге жүгінуге мәжбүр болады.

Сондай-ақ, басқарма басшысы бас мердігер жұмыстың толық көлемін қосалқы мердігерге беру мәселесіне назар аудартты. Заң бойынша қосалқы мердігерге берілетін көрсеткіш жобаның 1/3 бөлігінен аспауы тиіс. Бұл ретте мұндай дүниелер жарнамалауға жатпайды және ішкі шарттармен ресімделетіндігіне ден қойылуы керек. Сонымен қатар, кейбір кәсіпорындар бірден бірнеше нысандарды мойнына алып, жұмыс ауқымын уақытылы иегере алмай жататыны тағы бар.

МСҚБ басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаевтың айтуынша, 16 тексеру қорытындысымен құрылыс нормаларының 43 бұзылуы анықталып, 6,2 миллион теңгеге айыппұл салынып, жеті іс сотқа жолданған. Сондай-ақ, 51 сақалды құрылыс анықталып, 33 нысанның иелерімен жұмысты қайта бастау кестесі бекітіліпті. Жыл басынан бері тиісті талаптарға сәйкес келмегендіктен 48 құрылыс-монтаждау және 15 жобалау жұмыстарын жүргізуге лицензия беруден бас тартыған.

— Тұрғындардың құрылыс сапасына, әсіресе тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға қатысты шағымдары көп. Тіпті техникалық және авторлық қадағалау өкілдерінің жұмысы да көңіл көншітпейді. Осы уақытқа дейін мен олардың  бұзушылықтары үшін жауап бергенін көрген емеспін. Жергілікті жерге байланысты типтік жобаларды кеңірек пайдалану қажет. Нысандарды жобалауға және жалпы алғанда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бақылауды күшейту маңызды. Бізге құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың санын көбейту жолында белсенді жұмыс істегеніміз абзал. Сондай-ақ, коммерциялық тұрғын үй құрылысын дамытуға да көңіл бөлу керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: Жамбыл облысыҚҰРЫЛЫСсапа
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты