«izi.TRAVEL» жобасы «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелеріеріктілермен «Ақ СҰҢҚАР» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдиев Еркін Қайырбекұлының демеушілігімен өтті.
Шара барысында Айша бибі мен Қарахан, Тектұрмас кесенелеріне «izi.TRAVEL» ақпараттық аудио нұсқаулық қосымшасын ұялы телефондарына жүктеу арқылы кітапхана оқырмандары тарихи орындардан толығымен ақпараттарды ала отырып, тарихымен толығырақ танысты.
Бұл жоба зағип оқырмандарға қалалармен ескерткіштерге мобильді аудио гид қызметін ұсынады және оқырмандар бай өңіріміздің киелі қасиетті кесенелері мен қалаларына баруды өз бетінше қызықты және әсерлі етіп өткізуге көмегіболады. Бүгінгі таңда «izi.TRAVEL» жобасына 39 нысан салынып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат береді.
Жобаның мақсаты зағип азаматтардың қоғамдық ортада өздерін еркін ұстау, орта ғасырлық тарихи нысандармен таныстыру үшін гидтің көмегінсіз ұялы телефон арқылы ақпаратқа қол жеткізу.






