Наурыз мейрамына қарай Қазақстанда «Еларна» атты жаңа телеарна ашылады. Онда отандық фильмдер мен сериалдар көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.
«Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа «Еларна» кино-телеарнасын іске қосу жоспарлануда. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдер мен сериалдарды трансляциялайтын болады» деді министр.
Телеарна «Хабар» агенттігінің құрамында болып, 3 жыл ортаға салып қайтып телекөрермендерді қуантпақ.
Еларна каналын бала кезімізде көп тамашалаушы едік. Қазақ тілде ғана жұмыс жасайтын жалғыз канал еді. Орысша кино болмаса бағдарлама жүргізгенін көрген емеспін. Өте жақсы жаңалық. Дұрыс болды. Сағынып қалып едік.