2016 жылдың төртінші тоқсанында Tele2 Қазақстан және Altel БК негізгі көрсеткіштерінің сенімді өсуін көрсетуді жалғастырып келген. Мәселен, абоненттік база көлемі үшінші тоқсанның осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда 55,300-ге артып (Tele2 және Altel компанияларының есептеу әдіснамасының айырмашылықтарына байланысты, осы жерде және бұдан әрі 2015 жылдың осындай көрсеткіштерімен салыстыру келтірілмейді), 6,439,746 пайдаланушыны құраған.
БК-ның 2016 жылдың 4-тоқсанындағы жалпы табысы 26,5 млрд теңге (2016 жылдың 3-тоқс. салыстырғанда 15%-ға өскен), ал 2016 ж. нәтижелері бойынша – 91,7 млрд. теңге құраған. Компанияның 2016 жылғы қазан-желтоқсан айларындағы абоненттік ақшалай түсімі 20,5 млрд теңге (2016 жылдың 3-тоқс. салыстырғанда 19%-ға өскен), ал 2016 жылы барлығы – 70,3 млрд теңге болған.
EBITDA 2016 жылдың 4-тоқсанында 3,5 млрд теңге (2016 жылдың 3-тоқс. салыстырғанда 9%-ға өскен), 2016 ж. нәтижелері бойынша – 9 млрд теңге құраған. 4-тоқсанда бұл көрсеткіштің өзгеруіне Тele2 мен Altel-дің әлі де жалғасып келе жатқан бірігуі, сондай-ақ операциялық ауқымның ұлғаюы көбіне ықпал еткен.
Дауысты сервистердің жалпы көлемі 2016 жылы 15 млрд минутты, ал БК желісінде таратылған деректер көлемі 319ПБ құраған, сөйтіп өзінің сенімді өсуін одан әрі арттыра түскен. Өткен жылдың 4-тоқсанында таратылған деректердің жиынтық көлемі 103ПБ құраған (2016 жылдың 3-тоқс. салыстырғанда 29%-ға өскен).
БК-ның негізгі басымдықтары ретінде бұрынғыдай Тele2 мен Altel-дің бірігуі болып табылады, бұл үдеріс Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында сәтті аяқталған, және жоспар бойынша 2017 жылдың 3-тоқс. аяқталуы тиіс. БК-ның дамуындағы тағы бір басымдылық 4G стандартында мобильді интернет ұсыну саласындағы технологиялық көшбасшылықты сақтап қалу болып табылады, бұл мақсатта компания қамту аясын кеңейтіп, деректер тарату жылдамдығын арттыра түсуде.
Tele2 және Altel БК Басқарма төрағасы Роман Володин: «Біздің ең бірінші кезектегі міндетіміз бұрынғыдай компаниялар мен желілерді біріктіру болып қала береді. 2016 жылдың соңына қарай біз жоспарлағанымыздай, абоненттік базамызды арттырып, барлық негізгі көрсеткіштерімізді өсіре алдық. Жақын келешекте біз еліміздегі ең жылдам дамып келе жатқан оператор болып қалуды жоспарлап отырмыз. Нарықтағы үлесі бойынша, Altel және Tele2 БК бұрынғыдай үшінші орында, бірақ болашақта біз өзімізді нарықтағы екінші ойыншы ретінде көреміз.
2016 жыл нарықтағы жағдайды өзгертті: 4G – енді эксклюзивті технология емес. Біз өзіміздің бәсекелестеріміздің бізді қуып жету үшін, осы бағытта қалай дамып келе жатқанын, 4G қосып, желі құрып жатқандарын байқап отырмыз. Дегенмен бұған әлі өте көп уақыт кетеді. Біздің артықшылығымыз – неғұрлым сапалы желі, сондықтан технологиялық көшбасшылықты сақтап қалу үшін, біз желі құрылысына және оның өткізу қабілетін арттыруға инвестициялар салуды жалғастыра береміз», — деп көрсетті.