Тараз қаласы №2 сотында «Үйқамақ. Кепілді қолдану ерекшеліктері. Тінту жеке тінту, қарап тексеру, алу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.
Семинарға Тараз қаласы №2 сотының судьялары мен мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Е.Б.Жаманқұлов баяндамасында, Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын жүзеге асыру жатады. Тергеу судьясын осы сот төрағасы судьялардың қатарынан тағайындайды.
Үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ осы Кодекстің 147-бабында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен судья белгілеген шектеулер қолданыла отырып, оларды қоғамнан оқшаулауды білдіреді.
Кепiлдік сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша оларға күдiктiнiң, айыпталушының келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшiн сот депозитiне күдiктiнiң, айыпталушының өзiнiң не басқа адамның ақша енгiзуiнен тұрады.
Тiнту iс үшiн маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды табу және алып қою, оның ішінде тыйым салынуға жататын мүлікті табу мақсатында жүргiзiледi.
Алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр нәрселер мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi.
Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі.