• Главная
  • О нас
  • Реклама
  • Контакты
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:58
TURANINFO.KZ
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
No Result
Посмотреть все
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
No Result
Посмотреть все
TURANINFO.KZ
No Result
Посмотреть все

Жамбыл облысының әкімдері. Өмірбек Байгелді.

turan_admin turan_admin
17.01.2017, 12:32
Закон, Новости области
Жамбыл облысының әкімдері. Өмірбек Байгелді.
834
просмотров
FacebookWhatsAppTelegramTwitter

Жамбыл облысының әкімдерін саралауға және сараптаудан бастауды дұрыс көрдік. Әкім болған кезде қандай істер атқарды, қандай тағайындаулар туралы айтып кететін боламыз. Облысымыздың алғашқы әкімі болып — Өмірбек Байгелді болған бәрімізге мәлім, бірақ қазіргі жастар бұл туралы біле ме?

Өмірбек Байгелді.

Жалпы кезеңде өмірмен қатар қоғамның өзгеріп, қоғамдық қатынастар күйрейтіні шындық. Мұндай шақта ел тізгінін мықты тұлғаның ұстамаса, өзгенің әл-дәрмені жетуі не ғайбіл?! Осы мәселеде Қазақстанның, жалпы Жамбыл облысының Егемендікке экономикада және әлеуметтік салаларда кейінгі орында болғандығы рас. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығының басы халыққа оңайға тимеген. Тәуелсіздігімізді жариялағанымызбен басқарудың саяси тетіктері әлі де болса ескіше, кеңестік қалыптас шыға қоймаған-тын. Мемлекеттік басқару жүйесі тәуелсіздік жағдайына бейімделмеген болатын. Экономикалық, әлеуметтік салалардағы жаппай тоқырау, егесіздік, белең алған жұмыссыздық, жалақылардың айлап берілмеуі әлеуметтік шиеленістерді туындатып жатқан кез. Осы тұста облыс тізгінін Өмірбек Байгелді ұстады. Оның саяси көрегендігі, білімділігі, қалың елдің ортасынан шыққан қарапайымдылығы, кез-келген ортада тауып айтататын шешендігі секілді қасиеттері күмеулі кезеңнің күрделі мәселелерін дұрыс бағыттап отыруына өз ықпалын тигізді десек артық айтқандық емес.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Жамбыл облысының алғашқы әкімі болған Өмірбек Байгелді оған дейін облыстық кеңестің төрағасы болған. Ал оның алдында Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. Егемендігін алып енді ғана аяққа тұра бастаған еліміздің мемлекеттік құрылымдары заң жүзінде қалыптасып біткенше, яғни 1992 жылдың алғашқы тоқсанына дейін ол облыстық кеңестің төрағасы қызметін жалғастыра берді. Ал 1992 жылдың басында Тәуелсіз мемлекетіміздің басқару құрылымдарының қалыптаса бастаған кезеңі еді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен облысымыздың жаңа құрылымы – әкімшілігінің алғашқы басшысы ретінде Өмірбек Байгелді тағайындалды. Өз кезегінде Өмірбек Байгелді өзінің өкімімен Тараз, Шу, Жаңатас қалаларының және барлық он ауданның әкімшілік басшыларын тағайындады. Жаңа құрылған әкімшіліктердің басшылары болып Тараз қаласында Алдиярбек Түсіпов, Байзақ ауданында Смағұл Әбілеков, Жуалы ауданында Еркінбек Солтыбаев, Жамбыл ауданында Юрий Морозов, Т.Рысқұлов ауданында Сәбит Сыдықов, Мерік ауданында Өмен Қырғызбаев, Қордай ауданында Құрманғали Уәли, Мойынқұм ауданында Бағлан Қарашолақов, Шу ауданында Амангелді Кәрентаев, Талас ауданында Ералы Дадабаев, Сарысу ауданында Әбдіманап Көпбергенов, Қаратау қаласында Әбдіманаш Мәмешов, Жаңатас қаласында Итен Әлімтаев тағайындалды.

Сол жылдары облыстық кеңестің төрағасы болып Әлмұқан Исақов, облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы болып Жұмабек Сапаралиев сияқты мықты тұлғалар белсенді қызмет атқарды. Аймақтың алғашқы әкімі болған Өмірбек Байгелді өңір басшылығының айналасын осындай мықты кадрлармен жасақтай алды. Сөйтіп күрделі уақыттың қиындықтарына қарамастан саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай алып, халықтың жағдайының күрт төмендеп кетпеуіне күш салды.

Ол кісінің облыста жасаған жұмыстарының арқасында кеңестік саясаттың тұмшалауымен аты аталмай келген батыр-билеріміздің есімдері жарыққа шығарылып, әруақтары әспеттелді. Мәселен, Шу ауданында қазақтың төбе биі болған –Төле бидің, Саудакентте қара қобыздың құдіреті атанған Ықылас Дүкенұлының, Таластың Майтөбесінде Қолбасшы Қойгелді батырдың, Талас ауданында даңқты Бөлтірік шешеннің, Саңырақ батырдың ас, тойлары бүкілхалықтық шара ретінде кеңінен аталып өтілді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономиканың белгілері дендеп ене бастаған тұста облыстық мал шаруашылығында «Өмірбек Байгелдінің» нұсқасы деген жаңа жоба пайда болды. Бұл жүйенің негізгі бойынша малшыға еркіндік берілді. Мәселен, бір отар саулықтың бір бөлігі малшының жеке меншігіне беріліп, одан алынған төлдің де бір бөлігі малшыда қалды. Бұл уақты әлі де жаппай жекешелендіру науқанының басталмай тұрған уақыты еді. Сондықтан облыс басшысының ұсынған нұсқасының тиімділігі зор болды. Сондықтан қазіргі мыңғыртып мал айдап отырған талай байлардың Байгелдінің нұсқасымен жұмыс істегендер екендігін ескерген жөн.

Басшы болғаннан кейін бір ғана мал шаруашылығымен немесе егіншілікпен ғана жұмыс істеу шекті жағдай емес. Байгелдінің сыртқы экономикалық барыс келісті, алыс-берісті қалыптастыруда да еңбегі ерен. Бәрі бірдей бірден оңтайлана қоймағаны анық. Дегенмен, жақсылыққа деген, жаңалыққа деген талпыныстың арқасында өңірде оң өзгерістер орын алды. Өмірбек Байгелді басшылық еткен жылдары Израильмен қарым-қатынас орнай бастады. Өзінің өнеркәсіп жөніндегі орынбасары, химия саласының білгірі болған Владимир Левинді тиісті мамандармен өндірістегі жаңа технологияларды зерттеп қайту үшін Англияға іссапармен жібергенді. Ресеймен байланысты қалыпқа келтіру жөнін талай тындырымды істерді тындырды. Сондай-ақ «Тараз» сауда ассоциясы құрылды. Сонымен қатар басқа салаларда да ілкімді істер алға басты.

Жалпы Өмірбек Байгелді 1995 жылға дейін облысты жемісті әрі табысты басқарды десек артық айтқандық болмас. Одан кейінгі жылдары ол Сенат депутаты болып сайланып, алғашқы қос палаталы Парламенттің Сенат Төрағасы, Сенат төрағасының орынбасары және сенатор ретінде мемлекеттік деңгейде қайраткерлік қарымын көрсетіп, Елбасының сенімді серігі бол білді. Облыс жұртшылығы Еліміздің дербес мемлекет болып құрылып, қалыптасуына және дамуына елеулі қосқан үлесі Өмірбек Байгелдіні бүгінгі күннің қазыналы қариясы ретінде мақтан етеді әрі құрмет тұтады.
Біз өз бағамызды бердік. Сіз қандай баға берер едіңіз?

turaninfo.kz/rus

Теги: әкімЖамбыл облысыөмірбек байгелдіТараз
ПоделитьсяОтправитьПоделитьсяTweet

Похожие записи

В Жамбылской области системно развиваются меры занятости и социальной поддержки населения

В Жамбылской области системно развиваются меры занятости и социальной поддержки населения

03.09.2026, 10:54
В Жамбылской области подвели итоги купального сезона 2026 года

В Жамбылской области подвели итоги купального сезона 2026 года

03.09.2026, 10:52
«Ауыл аманаты»: в Жамбылской области запустят 8 туристических глэмпингов

«Ауыл аманаты»: в Жамбылской области запустят 8 туристических глэмпингов

01.09.2026, 11:20

Поручение Президента: в Жамбылской области после реконструкции открыт исторический вокзал Турксиб

01.09.2026, 11:20

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Казахстан и Лаос: важный шаг к укреплению дружбы и расширению сотрудничества

03.09.2026, 17:37

Сегодня мы впервые отмечаем День казахского тазы и тобета.

03.09.2026, 11:07

В Жамбылской области системно развиваются меры занятости и социальной поддержки населения

03.09.2026, 10:54

В Жамбылской области подвели итоги купального сезона 2026 года

03.09.2026, 10:52

В поликлиниках Казахстана сократили срок ожидания приема до 1-3 дней

02.09.2026, 18:00

САМОЕ ЧИТАЕМОЕ

  • Что грозит экс депутату Бахытжану Базарбек?

    Что грозит экс депутату Бахытжану Базарбек?

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Родственники пострадавшего опровергли версии о «подставе»: Базарбек впервые прокомментировал ДТП

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Шахматы выше закона? В Таразе разгорелся спор вокруг кафе «CHESSRUN»

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Дочь Мирзиёева получит еще один высокий пост

    Поделиться
    Поделиться Tweet
  • Мырзабосынов вручил государственные и ведомственные награды в День спорта

    Поделиться
    Поделиться Tweet

Сайт был зарегистрирован в Комитете информации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан 19 марта 2018 года и получил свидетельство №16981-ИА.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Главная
  • О нас
  • Реклама
  • Контакты

© 2016-2026. Информационный агентство «Turaninfo.kz». Все права защищены.

No Result
Посмотреть все
  • Новости
    • Новости Казахстана
    • Новости области
    • Новости города
    • Новости района
    • Мировые новости
    • Абырой
    • Рейтинг руководителей
  • Политика
  • Общество
  • Гражданское общество
  • Культура
  • Закон
  • Здоровье
  • Спорт
  • Аналитика
  • Видеогалерея
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. Информационный агентство «Turaninfo.kz». Все права защищены.