«Жарылыстың қатты болғаны соншалық 20 шақырым жерді қара қою түтін басып қалған. Куәгерлер апат 7-ші цехта болғанын айтады. Сөздерінше, зардап шеккен адамдардың қатары қалың. Жарылыс болған сәтте зауытта болған қызметкерлер химиялық қопарылыстан тіпті жер сілкінгенін айтады. Терезелері түгел сынып атылғанын жеткізді. Оқиғадан опат болған немесе қанша адам жараланғаны туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ» деп хабарлайды 31 арна.
Зауыт ішіне тек жедел жәрдем көліктері ғана жіберілуде. Белгілісі, қазір зауыт басшысы күйік жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген. «НДФЗ зауытынан науқас Франгулиди 1949 жылғы азамат жеткізілді. Түскен кезіндегі науқастың диагнозы 1-2 санаттағы химиялық күйік. Беті және оң жақ білек тұсы», — дейді Тараз қалалық №2 ауруханасының дене күйік бөлімінің дәрігері Әбілсейіт Сыдықов.