Өткен 2016 жыл облысымыз үшін елді елең еткізетін біршама оқиғаларға толы болды десек артық айтқандық бола қоймас. Аймақта болған ол айтулы оқиғалар дүйім жұртты дүрліктіріп, бүкіл елдің назарын өзіне аударды. Есте қалған елеулі оқиғаларды бір еске түсіріп көрсек.
«ЖАҒА ҰСТАТТЫ»
2016 жыл табалдырығымызды енді ғана аттаған тұста, яғни 2 қаңтар күні Жамбыл облысының полицейлері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының бойындағы дәретхананың бірінен жаңа туған сәби жолаушылар тауып алған болатын. Абырой болған олар бірден жедел жәрдем мен шақыртып шақалақты аман алып қалған еді. Баласын өлімге қиып кеткен көкек ананы іздеуге кіріскен облыстың құқық қорғау қызметкерлері ақырында тауып алған-тын. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, екі ай тергелген іс көпке созылмай, үшінші отырыста-ақ үкім кесілген болатын. Сәбиін әжетханаға туып, тастап кеткен анаға сот бір жарым жыл бас бостандығынан айырған еді. Қазіргі таңда ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеп жатыр. Ал терең шұңқырдан әрең шығарылып, өзіне Жансая есімін алған бүлдіршін Тараздағы «Үміт» бөбектер үйінде. Бұл оқиғалар туралы еліміздің сюжет жасамаған телеарнасы, қалам тербеп мақала жазбаған басылымдары аз болмады.
Араға 10 күндей уақыт салып аймақта кезекті тастанды бала жұрттың тағы да жағасын ұстатты. Оныншы сынып оқушысы көлікте босанып, нәрестені тас жолдың жиегіне лақтырып жіберген. Жерге оңбай түскен шақалақ бірден шетінеп кеткен еді. Адам шошырлық оқиға Талас ауданының Үшарал ауылы маңында болған. Ауылдан шыға бере мектеп оқушысының толғағы қысып, машинаның ішінде-ақ босанып қалған. Оқушы қыздың қасында қасында болған өгей анасы көлікті тоқтатпаған күйі шақалақты терезеден лақтырып жіберген. Тас жолға басымен түскен нәресте сол жерде шетінеген еді.
Дегенмен, бұл істің қорытындысы бойынша жиен немересін машинадан тастап жіберген әйелдің де жүйке жүйесінде ауытқуы бар деп танылып, жазадан құтылып кеткен болатын.
Нәтижесінде, осы оқиғадан кейін Талас ауданында білім беру саласы қызметкерлерінен бастап, денсаулық сақтау шенеуніктерінне дейін жаппай жұмыстан босатуларға әкеліп соққан.
«ОРНЫ ТОЛМАС ӨКІНІШ»
Облыста дүйім жұртты дүрліктірген оқиға қаңтардағы жағдайлармен қаңтарылып қала қалған жоқ. Ақпан айының бел ортасында Байзақ ауданының Бурыл ауылында болған бала өлтіру оқиғасы тұрғындар наразылығына ұласқан болатын. Тіпті ауылды арнайы жасақ өоршауға алып, қауіпсіздік шараларын күшейткен-тін. Араға көп уақыт салмай 6 жасар баланы өлтірді деген күдікті ұсталған. Осы оқиғаға байланысты екі бап — адам өлтіру және тонау бойынша айыпты деп танылып, сот үкімімен ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
«ТОСЫН СЫЙ»
Өткен жылы облысымыз табиғаттың тосын мінезімен де бетпе-бет келіп, біраз шығынға ұшырады. Мәселен, қазан айында жауған қар елдің мазасын біраз алған еді. Мезгілінен ерте жаған қардың әсерінен жапырағы түсіп үлгермеген ағаштар қоғадай жапырылған болатын. Құлаған талдардың саны шамамен 10 мыңнан асып кеткен. Қалың қардан Тараз қаласынан бөлек, Байзақ және Жамбыл аудандарының халқы 5 күн бойы жарықсыз қалды. Бір ғана облыс орталығында 16 мыңға жуық абонент электр қуатынан қағылған еді.
Қазанда жамбылдық жұртты әбігерге салған табиғаттың тосын мінезі қараша айының басында қайталанып, дүлей дауыл облыс тұрғындарын тағы да әбігерге салды. Секундына 35 метрге дейін соққан күшті жел бірнеше ауданның, әсіресе Тараз қаласының тіршілігін тұралатып тастады. Желге шыдас бермей құлаған ағаштар электр бағаналары мен газ құбырларын жайпап өткен. Салдарынан шаһардың өзінде 15 мыңға жуық адам тас түнекте қалса, бір жарым мың отбасы көгілдір отынсыз отыруға мәжбүр болған. Тек Тараздың өзінде бірнеше әлеуметтік нысан, екі оқу орны және онға жуық көпқабатты үйдің шатыры қирады. Дүлей дауыл талды тамырымен құлатып, электр бағаналары мен газ құбырларын да қиратты. Салдарынан 15 мыңға жуық түтін жарықсыз қалса, мың жарым шаңырақ көгілдір отынсыз қалды.
«БЕРІЛГЕН НЫСАНДАР»
Өткен жылы облысымызда оқыс оқиғалардан бөлек біршама қуанышты жағдайлар да орын алды. Мәселен, жылдың аяғына таман Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі ғимараты падалануға берілді. Аталған ғимарат «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасты. Нысанның құрылысына 1,27 млрд. теңге бағытталды. Бас мердігер — «Астана-Авто-Құрылыс» ЖШС. Екі қабатты ғимараттың биіктігі 10 метрден астам. Айта кетерлігі, нысан жамбылдықтарға Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде ұсынылды. Сондай-ақ осы мереке қарсаңында Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысынан монумент ашылды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған бұл монументтің биіктігі 14 метр, жоғары жағында «Қазақстан-2050» стратегиясының белгісі орналастырылған. Ал ең төбесінде қазақтың қасиетті шаңырағы белгіленген.
«ЖЫЛ АДАМДАРЫ»
2016 жылы спортымыз бойынша да есте қала алды. Мысалы, Бразилия төрінде өткен олимпиадада жерлесіміз Елдос Сметов дзюдодан күміс жүлдемен күптелсе, XV жазғы Паралимпиадалық ойындарында Зульфия Габидуллина 100 метр қашықтыққа еркін жүзуден Әлем рекордын жаңартып, ел тариxында тұңғыш рет Паралимпиада чемпионы атанып, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы», ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ал палуанымыз Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен 3 дүркін «Қазақстан барысы» атанып, өзінің мықты екендігін тағы бір рет дәлелдеді.
«ҮМІТТІ АҚТАМАДЫ»
Облысымыздың намысын қорғап жүрген «Тараз» футбол клубы премьер — лигадан түсіп қалды.
«ЖЫЛ ІС-ШАРАСЫ»
Таразда алғаш рет өткізілген «BLOGCAMP-2016». Республикамызға белгілі біршама блогерлер, журналисттер, Қытайдағы қазақтар арналған сайттың редакторы мен блогерлікті табыс көзі көзі емес — «хобби» қылып қарайтын жастар жиналды. Блог құрылтайдың қонағы болып, даудың ортасында жүретін министр — Ерлан Сағадиевпен кездесу өтті.
«ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ»
Таразда алғаш рет телеарна ашылды. Ол «77 TV» телеарнасы. Телеарна 16 сағат жұмыс жасаса, жас коллективі сапалы да, маңызды ақпараттарды таратуда. Алдағы уақытта көрермендер телеарнадан жаңа сапалы роликтер мен сюжеттер күтетін болады.
Өткен мешін жылы осындай оқиғалармен есімізде қалды. Келер тауық жылы облысымыз үшін сауық жылы болып, толайым табыстарға жете берейік! Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп!
You’re very eloquent.
cheap madden mobile 17 coins http://www.madden-store.com