• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр

18.12.2017
0
Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр
852
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ерболат Саурықов — Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Осы орайда Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты, ағымдағы жылы Тараз қаласының «Жыл адамы» атанған Ерболат Саурықовпен сұхбаттасқан едік.
– Ерболат Байұзақұлы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан қандай ой түйдіңіз? Жалпы рухани жаңғыру дегеніміз не?
– Рухани жаңғыру – ХХІ ғасырдағы әлемдік өркениет пен жаһандану кезеңінде дәл мерзімінде жарияланған мақала. Олай дейтін себебім, рухани жаңғырудың әрбір белгілері халқымыздың бойында бар. Сондықтан оған мемлекетіміз құрылғалы бері тіпті, Қазақ хандығы мен Түркі дәуірі кезінен бері біте қайнасып келе жатқан салт дәстүр, әдеп-ғұрып, ұлттық құндылықтарымыз бен асыл қазыналарымыз бойымызда бар болғанымен Елбасы не үшін қазір жариялады деген заңды сауал туындайды. Дегенмен нақты уақытта жаһандану заманы өз жетегіне алып кетіп бара жатыр. Өйткені бұл заманда жастарымыз Еуропа мен озық алпауыт елдерге еліктеуде. Сондай-ақ цифрлық ақпараттарға бас ұрып, өзіміздің салт-дәстүріміз бен тарихымызды, тіліміз бен ділімізді ұмытып қалуға шақ тұрғандары бар. Сол себептен Елбасының бұл мақаласы уақытында жарияланған еңбек. Бұл бір. Екіншіден, егер жаһандану заманынан рухани байлығымызға кері әсерін тигізеді деп қалып қойсақ, онда әлемнің көшінен қалып қоямыз. Сондықтан екеуін қатар алып жүруіміз қажет. Әр жаһандану заманында барлық озық технологияны меңгеру, әлемдегі барша ақпараттармен астасу, қысқасы өзімізді дамыған озық 30 елдің қатарынан көру үшін заман үдерісінен қалмауымыз керек. Себебі оның әрбір белгісі өмірімізге еніп кетті. Осы кезеңде рухани жаңғыруды қатар алып жүрмесек, ертеңгі күні жаһандану заманына жұтылып кетуіміз мүмкін.
– Елбасы осы бағдарламалық еңбегінде ұлт руханиятына байланысты көптеген мәселелерді айтты. Сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасы аясында да жұмыс жасау керектігін тапсырды. Бұл тұрғыда қандай жұмыстар атқарылуы қажет?
– Осы «Туған жер» бағдарламасына қатысты идея «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғанға дейін Елбасы бірнеше рет айтып жүрген болатын. Мәселен, осыған дейін «Мектепке тағзым», «Туған жерге тағзым» деген секілді акциялар бұрыннан іске асып келді. Дегенмен аталмыш бағдарламадан кейін туған жеріне келіп, оны көркейтуге үлес қосушы қалталы азаматтардың саны артты. Сондай-ақ материалдық көмек бере алмайтындар өзі шыққан ауылға ат басын бұрып, рухани жұмыстарын жүргізсе, ақшасы барлар ауылдың әлеуметтік дамуына өз септіктерін тигізуде. Оған өзім куәмін. Мысалы өзім шыққан Мойынқұм ауданына сыртта жүрген азаматтар жылына бір рет әке-шешесі үшін ғана бас сұғатын болса, қазір ауылға келетін болды. Қазіргі таңда ауыл мектептерінде түрлі кездесулер ұйымдастырылуда. Сондықтан бұл бағдарламаның қазіргі қоғам үшін маңызы зор. Осы тұста айта кететінім, Мойынқұм ауданының Құмөзек ауылына 1988 жылғы түлектер келер жылы саябақ салып беруді жоспарлап отырмыз. Бұған түрткі болып отырған жайт, Елбасы мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы.
– Қазіргі таңда қоғамда көп талқыланып жатқан мәселенің бірі латын әліпбиіне көшу ісі. Бұл бастамаға маман ретінде ойыңыз қандай?
– Латын әліпбиіне көшу – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір бағыты. Бұл әліпбиге көшу туралы шешім қабылдағанымыз өте дұрыс. Аталған мәселені мен тіл маманы ретінде осыған дейін де айтып жүрген болатынмын. Осыдан он шақты жыл бұрын да айтылып, ғалымдар өз нұсқаларын ұсынған-тын. Дегенмен әртүрлі жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп келді. Кезінде халқымыз латын әліпбиінде жазып, оқулықтар шыққан. Бірақ кеңестік саясатқа байланысты кирилицаға өттік. Қазір латын әліпбиіне қайта келіп отырмыз. Оған көшудің бірнеше факторлары бар. Біріншіден, қазір әлемнің 80 пайызға жуық халқы латын қарпінде әліпби жасап отыр. Сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттердің барлығы латын әліпбиін қолданады. Енді бізге неге өтпеске?! Сондықтан латын қарпін дұрыс қабылдауымыз керек. Бұл латын тіліне көшіп кету деген мәселе емес. Қазір көпшілік осы тұрғыда көп қателесіп жүр. Бүгінде жастарымыз цифрлық технологияның кез келгенін пайдаланғанда міндетті түрде латын қарпін пайдаланады. Сонымен қатар шетелмен байланыста да бұл мәселе алдынан шығады. Өйткені шет мемлекеттер біздің кирилицаны түсінбейді. Болашақта латын әліпбиін бір жүйеге келтіріп, сол қаріпте жазатын боламыз. Әлемдік ақпараттармен алмасу, кез келген сала болмасын өте керек.
– Бұл маңызды құжат тәрбие мен идеологиялық жұмыстарды жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашып отыр. Мақала аясында білім, ғылым туралы не айтасыз?
– Мұнда да атап өтетін бірнеше фактор баршылық. Жалғыз ғана салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді танып қою емес. Білім саласында ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін балабақшадан бастап мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындары секілді деңгейлеп білім алу жағдайында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін енгізуді бастап кеттік. Біздің университетте биология, химия, физика мамандықтары бойынша ағылшын тілінде топтар құрылып, сол тілде дәріс беру басталды. Оқытушыларымыздың біліктіліктерін көтеріп, ағылшын тілін үйретудеміз. Бұл дегеніміз әлемдік білім бәсекелестігінде өзімізді көрсетудің мүмкіндігі. Мұндай бастама білім деңгейін жоғарылатуға серпіліс беріп отыр.

Оның үстіне Елбасы «Ғылымсыз бірде-бір мемлекет дамымайды әрі болашағы болмайды» деген болатын.

Сондықтан қазіргі уақыта ғылымды жастарымыздан бастап отырмыз. Дегенмен ол бұрыннан бар еді. Бірақ қазір өзгеше қарқын алды. Ғылым қазақ экономиикасының дамуы үшін белгілі бір жемісті нәтиже шығармаса дамуымыз тоқталап қалатыны шүбәсіз. Сол себепті әрбір балаға берген біліміміз бен ғылымымыз ертеңгі күні өндірісте көрінуі қажет. Осы бағытта оқу орнының ішінен агро биологиялық зерттеу институтын аштық. Биылғы жылы тағы «ветеринария және мал шаруашылығы» ғылыми зерттеу орталығын ашып отырмыз. Бұлардың барлығы рухани жаңғырудағы ғылым мен білімге деген басты бағыттарды алдымызға мақсат етіп, орындауға тырысудамыз. Өйткені дайындап жатқан шәкіртіміз болашақта біз берген теориялық білімнен бөлек практика жүзінде тәжірибеден өткізбесек 4 жылдан кейін жақсы маман шыға қоймайтынына көзіміз жетті.
– Бағдарламалық мақала халқымыздың өткенімен, бүгінімен және келешегімен тығыз астасып жатыр. Осынау құнды құжатта атап көрсетілген міндеттерді іс жүзінде орындауға оқу орнының студенттері қандай үлес қосып жүр?
– Қазіргі таңда рухани жаңғыруға байланысты университет базасында көп іс-шаралар іске асып жатыр. Оның әуелгісі ол бойынша арнайы офис ашылды. Ол жерде қызметкерлер штаттық деңгейде рухани жаңғыру бойынша жұмыс жасауда. Біздің әрбір оқытушымызбен әрбір студентіміз рухани жаңғырудың не екенін түсіну керек. Осы бағытта профессор-оқытушылардан арнайы топтар құрылды. Олар барлық мамандықтарға бағдарламалық мақаланың мақсат-міндеттері туралы дәрістер өткізді. Мұның барлығы арнайы офистің жасап жатқан жұмысы. Бұрыннан атқарып жүрген жұмыстарымыз көп, оған қосымша жылдық жоспар құрдық. Ол бойынша апта сайын әртүрлі іс-шараларды өткізуді бастадық. Олардың барлығы тікелей студенттердің қатысуымен болып жатыр. Мысалы, жақында «Шерхан оқуларын» өткіздік. Қазір жер-су, кісі аттарына байланысты Әл-Фараби атындағы ҚаҰУ-мен бірлесіп, қаңтар айының 19-да форум ұйымдастырғалы отырмыз. Ол форумда қазақтың жер-су аттарының тарихы, шығу тегі, аңыздар, танымдық бағытта қатысты эсселер жазылады. Бұл шараға студенттерімізбен қатар мектеп оқушыларын да тартатын боламыз. Бұдан өзге облыстық, республикалық баспа беттерінде профессор-оқытушыларымыз, студенттеріміз бірлесіп мақалалар жазуда. Сондай-ақ «Білімді, іскер жастар – ел тірегі» атты студенттік конференция ұйымдастырдық. Ол конференцияның негізінде рухани жаңғыруға байланысты көптеген баяндамалар, пікірлер, дөңгелек үстел, семинарлар өтті. Сонымен қатар облыстық рухани жаңғыру офисіне 3 тақырып бойынша ғылыми-жоба ұсындық. Егер ол мақұлданса университетте республикалық немесе облыстық бюджет есебінен бірнеше жұмыстар атқарылатын болады.
– Бүгінде облыстық мәслихаттың депутатысыз. Сондай-ақ ағымдағы жылы Тараз қаласының «Жыл адамы» атандыңыз. Мұндай мансап пен деңгей сізге қандай жауапкершілік жүктейді?
– Ректор ретінде алдыға қойған жоспармен ғана жұмыс жасайсың. Яғни тек білім мен ғылым жолында. Ал депутат ретінде өзімді сайлаған жергілікті тұрғындармен олардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларына байланысты жұмыс жасап жатырмыз. Былайша айтқанда, олда жоспарлы түрде. Енді «Жыл адамы» болғаным менің жұмысыма қосымша жауапкершіліктер жүктеп отыр. Өйткені қолға алып отырған жұмыстарымнан жақсы нәтиже беріп отыруым қажет. Ондай жұмыстарды жалғыз өзім жасай алмайтыным белгілі. Жақсы нәтижелерге ұжым ретінде ғана жетемін.

Биылғы жылы «Жыл адамы» атағын алғаннан кейін Тараз қаласының барлық қоғамдық жұмыстарының басы-қасынан табылуымді міндет санаймын.

Сол себептен жұмыстың ауқымы бұрынғыдан еселенді.
– Биылғы жылы Тәуелсіздігімізге 26 жыл отыр. Осы орайда азаттығымызды қаншалықты бағалай алып жүрміз?
– Бес саусақ бірдей емес екені әу бастан белгілі. Осы тәуелсіздік күнімізге қалай қол жеткізгенімізді, одан кейінгі ел болып еңсе түзеген кезеңдердегі қажырлы жұмысты әрбір азамат жақсы біле бермейді. Кейбіреулеріне осы күн аспаннан түскен секілді. Ойлап қарасақ, өткен ғасырдың аяғындағы қиындықты сол кезеңде өмір сүрген кісілер жақсы біледі. Уақыт бәрін ұмыттыратыны секілді, ол қиындықтарды ұмытып қалуы да мүмкін. Сондықтан осы күнге бей-жай қарайды. Бұл күннің ар жағында үлкен қатпарлы тарих жатыр. Ол тарихта қырғи қабақ соғыстар мен қан төгістердің болғаны белгілі. Оның барлығы не үшін болды?! Барлығы жер үшін, тұғырлы тәуелсіздік пен еңселі егемендік үшін болды. Осы үшін ата-бабаларымыз құрбан болып кетті. Қасықтай қаны қалғанша жан берісіп, жан алысты. Олардың да арманы «Мәңгілік ел» еді. Дегенмен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр оңайға соққан жоқ. Бұл тығырықтан шығуда жол бастаушы болған Елбасының еңбегі ерен. Бүгінде еңсе түзелді, саяси бағытымыз айқын, қадамымыз нық, шекарамыз берік, тұрақтылық бар. Ендігі осы қол жеткізген байлығымызға әрбір азамат бейжай қарамауы керек. Жалпы Елбасы рухани жаңғыру сөзін осыдан 15 жылдай бұрын айтқан болатын. «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, мемлекеттігімізді ұзақ уақыт меңзеп тұрғымыз келсе, біз халық руханиятының бастауларын білгеніміз жөн. Халық руханиятының бастауы – ол халық даналығында жатыр» деген еді. Осы сөздің түп төркінінде рухани жаңғыру жатыр.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ.

Тегтер: байұзақұлыерболатрухани жаңғыруСАУРЫҚОВТИГУ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты