• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 20:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Радикализмге қарсы тұрудың тәсілдері

Қазіргі таңда әлемдегі саяси әрі экономикалық текетіресте кез-келген рухани ұғымдар құрал болуда. Соның бірі – дін.

turan_admin turan_admin
10.11.2019, 13:56
Азаматтық қоғам институттары, Қазақстан жаңалықтары
326
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жарас Ахан,
тарихшы

Қазіргі таңда әлемдегі саяси әрі экономикалық текетіресте кез-келген рухани ұғымдар құрал болуда. Соның бірі – дін. Ағымдарды шынайы исламға қарсы қою арқылы азаматтардың арасында араздық тудыруда. Мұның негізгі мақсаты ел ішінде бүлік шығару арқылы елдердің орталық билігін құлату. Бұл мәселе Орталық Азия елдерінен оқшау емес. Жоғарғы бөлімдерде Орталық Азияға саяси-әлеуметтік ықпалдар мен идеологиялық тартыстарды сарапталды. Енді осы мәселелерге әлемдік тәуелсіз сарапшылардың пікірімен қарасақ. International Crisis Group – ICG сынды халықаралық дағдарыстық топ Орталық Азия елдері радикализммен шынайы күресіп отырған жоқ деп атап өтеді. Аталмыш сарапшылар қауымдастығы Орталық Азияға қатысты мынадай сипаттама береді: «Орталық Азияның коррупция жайлаған мемлекеттері радикалдық исламға қарсы іс жүзінде ешқандай әрекет жасап отырған жоқ. Бұл аймақтағы елдердің билігі керісінше, азаматтардың еркіндігін шектеп, өзгеше ойлайтындарды қуғынға салып радикалдану процесін жеделдетіп жатыр». Әрине бұл біржақты пікір деп санаймыз. Себебі Орта Азия мемлекеттері мүмкіндігінше сыбайлас жемқорлықпен күресіп, сананы өзгертуге, жеке көзқарасқа мүмкіндік беруде. Бірақ жеке көзқарастың саясатқа айналып, елдің арасында бүлік салмауына мүмкіндік бермей. Біз сараптап қарасақ, бұл аймақтағы елдердің ғасырлық таным-түсінігімен санасуымыз қажет деп санаймын.
Халықаралық дағдарыстық топ Орталық Азия елдері үкіметтерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жақсартып, діни еркіндікке қатысты заңнамаларды либералдандыруға және жастардың экономикалық жағдайын жақсартуға шақырған.
Астанадағы Назарбаев университетінің саяси ғылымдар мен халықаралық байланыстар бөлімі профессоры Элен Тибо Орталық Азияның діни ахуалын былайша сипаттайды: «Орталық Азиядағы елдерінде дінге ықылас артып келеді. Әрине, Түркіменстандағы жағдайды жақсы білмейміз, өйткені ол елге бара алмаймыз. Жасына қарамастан дінге бет бұрған және дінді уағыздайтын адамдар саны қоғамның барлық топтарында көбейіп келеді. Орталық Азияда секуляризм құндылықтары да мықты. Халықтың көп бөлігі мемлекет дінге араласпауы тиіс (мемлекет діннен бөлек болуы) деген саяси принципті мықты ұстанады. Бірақ радикал топтардың шығып жатқаны да рас. Бұрын ондай топтар болмаған. Бұл құбылыс онша көп тарай қоймағанымен, оған назар аудару керек. Қырғызстан мен Тәжікстанда кедейлік деңгейі жоғары екенін рас. Мысалы, Сирия мен Иракқа аттанған Орталық Азия тұрғындарының ішінде мигранттар көп. Олар өзге елден жұмыс іздеуге шалқып өмір сүріп жатқандықтан кеткен жоқ. Олардың көбі — мұқтаж жандар. Мына бір маңызды жайтты айту керек — олар радикалдар қатарына кедейліктің кесірінен емес, қоғамнан шетқақпай көргендіктен қосылған. Ресейдегі мигранттардың өмірі қандай қиын екені белгілі: жұмыс ауыр, кемсітушілік факторлары көп, мигранттар ол жақта өздерін екінші сортты адам сезінеді. Бұған қоса, олар туыстарынан жырақтап, қоғамнан шеттетіліп қалғандай сезінеді. Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» радикал ұйымына қосылғандардың ішінде ислам дінін енді ғана қабылдаған еуропалықтар да көп. Олар да өздерін қоғамнан әлеуметтік шетқақпай көргендей сезініп радикалдарға ерген. Олардың бәрі кедей деуге болмайды. Демек мұның себебін кедейлікпен қатар, олар тап болған әлеуметтік оқшауланудан іздеу керек».
«Адамның діни сеніміне қысым күшие берсе, радикализм арта береді. Орталық Азияда бұл жағынан Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерін атауға болады», — дейді Варшавадағы Шығыс зерттеулер орталығының сарапшысы Йозеф Ланг.
Тәуелсіз сарапшылардың сараптамасына назар салатын болсақ, қоғамда, жазасын өтеу орындарында діни сеніміне еркіндік бере отырып, өзара сұхбат негізінде дәстүрлі құндылықтарды, бейбітшілік идеясын саналарына сіңіру қажет деп есептейді. Сонымен қатар, елдің әлеуметтік жағдайын көтеріп, еркіндік, демократия құндылықтарын сақтаудың маңыздылығын алға тартады. Азаматтардың санасындағы рухани ваккумға азаматтар өз еркіндіктерімен жету қажет деп есептейді. Сараптап қарасақ, бұл ұғымдардың маңыздылығы жоғары болғанымен, теріс әрекеттерге итермелейтін идеологияларға әр ел өзіндік ұлттық болмысын қарсы қою арқылы ғана мәселені жеңілдетпек деп санаймыз. Себебі философия, тарих, тағы да басқа ғылымдардың негіздеуі бойынша әр халықтың өз болмысын іздеуінен өзге болмысқа шаталып кететінін ұсынылуда. Яғни, аталып отырған мәселелермен күресте бірнеше бағытты қолдануды қажет ететіндігін бүгінгі тәжірибе көрсетіп беруде.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50
Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33
Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.