• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Прокуратура органдары Басты бет / ҚР БП / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

09.01.2021
0
Прокуратура органдары  Басты бет / ҚР БП / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні заңсыз митингілерді ұйымдастыруға және оған қатысуға шақырулар таратуда.

Бұл ретте олардың тарапынан сайлау комиссияларының жұмысын бұзуға шақырулар айтылуда.

Бұл іс-әрекеттер Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келеді, қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Қылмыстық кодекстің 150-бабы бойынша сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіру, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 100 АЕК айыппұлдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Жекелеген адамдар қоғамға дауыс берудің әдейі бұрмаланған қорытындыларын көрсету мақсатында түрлі интернет-қосымшалар арқылы «баламалы дауыс беруге» қатысуға шақырулар таратуда.

Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға (бұдан әрі – Конституциялық заң) сәйкес қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күнге дейін 5 күн ішінде және дауыс берілетін күні БАҚ-та жариялауға жол берілмейді (28-баптың 9-тармағы).

Бұдан бөлек, азаматтардың мұндай сауалнамалар жүргізуге құқығы жоқ.

Осы нормаларды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 120-бабының 3-бөлігі бойынша айыппұл түрінде (жеке тұлғаларға 15 АЕК, заңды тұлғаларға 30 АЕК) әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Сонымен қатар, байқаушылардың фото-, аудио- және бейнежазбаға құқығының іске асырылуымен дауыс беру құпиясына және Конституциямен кепілдік берілген жеке өмірге қол сұғылмауға тиіс екенін атап өтеміз (18-б.1-т.).

Азаматтық кодекстің 145-бабына орай қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға жол берілмейді.

Конституциялық заңға сай (20-1-баптың 3-тармағының 6-тармақшасы) байқаушы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

Олар осы талаптарды бұзған жағдайда сайлау комиссиясы байқаушы тіркеуінің күшін жоюға құқылы (Конституциялық заңның 20-1-бабының 4-тармағы).

Конституциялық заңға сәйкес (5-баптың 1-тармағы) сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы бір сайлау бюллетеніне бір дауысқа ие болады.

Тең сайлау құқығын бұзғаны үшін бір адамқа бірнеше бюллетеньдер берген сайлау комиссиялары мүшелері үшін де, екі немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы үшін дауыс берген сайлаушылар үшін де әкімшілік айыппұлдар (25 АЕК) көзделген (ӘҚБтК-нің тиісінше 108 және 110-баптары).

Бұдан бөлек, Бас прокуратура митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі – Заң) реттелетінін еске салады.

Жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу және ұйымдастыру үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.

Оларды өткізу туралы өтініш ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректерін, сондай-ақ қатысушылардың болжамды санын көрсете отырып, белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша нысанда беріледі (Заңның 10-бабы).

Жиналыстар мен митингілер қатаң түрде қалалық және аудандық мәслихаттар айқындаған орындарда өткізілуге тиіс.

Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі. Бұл үшін өтініштер өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын беріледі, олар бойынша жергілікті атқарушы орган 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Заңсыз акцияларға шақырғаны, ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша жаза түрінде 25 тәулікке қамауға алуға дейін жауаптылық туындайды.

Егер бұл іс-әрекеттер елеулі зиян келтірсе, онда кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады, онда 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жаза көзделген.

Мазмұндалғанды хабарлай отырып, Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайды

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

19.06.2025
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

19.06.2025
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский