Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.
Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды.
Малыбаев Бақытжан Әсембекұлы
Соңғы қызметі ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы
1969 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жамбыл арнайы орта милиция мектебін тәмамдаған, 1998 жылы Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары милиция мектебін, ал 1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институтын тәмамдаған.
Мансап
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылы бастаған.
1990 – 2016 жылдар аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы;
2018 жылдың 5 қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 22 мамырына дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары;
2019 жылдың 22 мамырынан бастап Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары;
2022 жылдың 28 қарашасынан бастап Көліктегі полиция департаментінің бастығы.