Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған «2021 -2022 оқу жылы жалпы білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы (Zoom платформасында) онлайн режимінде өткізілді.
Секция жұмысына 183 педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты.
Аталған іс-шарада «Жеке тұлғаны дамытудағы психологтың рөлі», «Отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық мәселелері», «Мектеп пен балаларды тәрбиелеудің әлеуметтік ерекшеліктері», «Мектеп психологының ата-аналармен қатынас жасаудың жаңа технологиялары » тақырыптарында баяндамалар тыңдалды және 2021-2022 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырылды.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы