«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы Саяси бюроның келісіммен тағайындалды.
Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы
1975 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары.
1997 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1998-1999 жылдары Жамбыл ауданы,Аса ауылында аудандық көші-қон және демография бөлімінің жетекші маманы;
25.01.1999-24.05.1999 ж. Жамбыл ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
24.05.1999-07.06.2000ж. Жамбыл ауданы әкімі аппараты Жалпы бөлімнің бас маманы;
07.06.2000-05.01.2003ж. Жамбыл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
05.01.2003-07.01.2005ж. Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
07.01.2005-28.10.2011ж. Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы;
31.10.2011-16.09.2013ж. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары;
16.09.2013-04.05.2020 Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.
04.05.2020 — бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы;