Елімізде Заң қабылдайтын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізетін орган, ол — Парламент. Парлменттін екі палаталы екендігін бәрімізге мәлім. Сол Парламентте Жамбыл облысынан сайланған депутаттар халық мүддесі үшін ұсыныстар сауалдары қойып жатыр ма деген сұраққа жауап беріп көрейік. Парламент қабырғасында “Депутаттық сауал” бөлімінде жолданған сауалдар бойынша зерделеп шықтық.
Төменгі палатадан бастайық, Мәжілісте Жамбыл облысы атынан “Nur Otan” партиясының праймеризінің барлық сатысынан өтіп, жылы кабинетке орналасқан Мейрамбек Төлепберген мен Гүлдара Нұрымова.
Мейрамбек Мылтықбайұлы депутаттық төрт сауал жолдапты. Оның бәрің топпен жіберіпті. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярге “Отандық асыл тұқымды малдардың сапасын арттыру мәселесі туралы”, “Жайылымдық жерлерге қатысты”, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминге “Еліміздегі иесіз қалған электр желілеріне және трансформаторларына қатысты”, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Ғизат Нұрдәулетов “Заңсыз карьерлерге қатысты” сауалдарды депутаттармен бірге қойды. Жеке өзі сауал жолдамапты.
Гүлдара Алданышқызы жеке өзі 1 сауал, топпен 6 сауал жолданды. Жеке өзінің сауалында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа “Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі туралы” көтерген болатын.
Нәтижесінде нақты депутаттын сауалына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары жауабын көре алмадық.
Топтасып берілген алты сауал денсаулық сақтау, балалардың құқықтарын қорғау, әлжуаз топтағы балалар жайлы жолданған болатын. Оның біршамасына жауап келіпті.
Парламенттін жоғары палатасында Жамбыл облысынан екі депутат сайланған. Оның екеуі де Жамбыл облысы әкімінің бұрыңғы орынбасарлары Абдалы Нұралиев пен Бекболат Орынбеков.
Абдалы Тоқбергенұлы бірлесе депутаттармен “Қазақстанның ветеринария саласындағы мамандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына көңіл бөлу”, “Бау-бақша шаруашылығындағы жеміс дақылдарының ең қауіпті крантиндік ауруы-«бактериялық күйікті» алдын алу шараларын қабылдау жөнінде”, “Еліміздегі аграрлық ЖОО-ның материалдық-техникалық базаларын жаңғырту жөнінде” сауалдар жолдапты. Жеке өзі сауал жолдамапты.
Бекболат Серікбекұлы топтасып сауал жолдамаса да, жеке өз атынан бір сауал жолданыпты. Ол сауал “Кәріз-тазарту имараттарын салу жоспарының 1 кезеңіне Тараз қаласын қосу туралы” Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Асқар Маминге жолданды.
Байқасақ заң қабылдаушы органда Жамбыл жерінен сайланғандардың сауалдары бүгінгі облыс тұрғындарының күрделі мәселелері көтеріліп, Үкіметке жеткізілу тиіс шығар. Біздің ақпарат агенттік ары қарай депутаттардың сауалдарын бақылау жүргізе беретін болады.
Исламбек Дастан.