🔹7–12 сәуір – Сурдо жүзуден Қазақстан чемпионаты
Жарысқа 13 өңірден 152 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Павлодар қаласы.
🔹7–13 сәуір – Пара жүзуден «Фудзи Шизуока» Әлемдік сериясы
Қазақстан құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Фудзи қаласы, Жапония.
🔹8–13 сәуір – Бадминтоннан BWF Азия чемпионаты
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Нинбо қаласы, Қытай.
🔹8–13 сәуір – Таэквондодан (I.T.F.) барлық жас санатындағы Азия кубогі
Сары құрлық додасына 28 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 368 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.
🔹8–15 сәуір – Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионының әлем чемпионаты
Жаһандық додаға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Дамфрис қаласы, Ұлыбритания.
🔹10–14 сәуір – Каратэ WKF-тен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты
Ішкі біріншілікке еліміздің 18 өңірінен 500 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.
🔹11–12 сәуір – Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогі
15 өңірден 500 спортшы жарыс жолына шығады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
🔹11–13 сәуір – Синхронды жүзуден Әлем кубогі кезеңі
Қазақстан құрамасынан 6 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Сомабай қаласы, Мысыр.
🔹13–17 сәуір – Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Азия және Мұхит елдері чемпионаты
Жарысқа ел құрамасынан 90 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.
🔹13–19 сәуір – Жеңіл атлетикадан (U18) VI Азия чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Даммам қаласы, Сауд Арабиясы.
🔹13–22 сәуір – Стенд атудан Әлем кубогі
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
🔹13–22 сәуір – Нысана көздеуден Әлем кубогі
Отандық 14 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.