- Таразда өнеркәсіп саласында 295,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты индекс көлемі 107,3 пайызға жетті.
- Облыс орталығында «Тараз» индустриялық аймағы жұмыс істеуде
- Бағаны тұрақтандыру бойынша «GRAND BAZAАR» сауда кешенінде 26 жәрмеңке өткізілді
- Қала тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында:
- №19 маршрут бағыты «Шалғай Қарасу» алқабына
- №55 және №28 бағыттары «Ұлы Дала» (15) ықшам ауданына
- №12 және №34 бағыттар Родничок, Қайнар алқаптарына
- №9 маршрут бағыты «Арай» және «Шаңырақ» тұрғын алқабына дейін созылды.
- Таразда 36 жаңа аялдама, 9 жарық диодты таблолар орнатылды.
- Тараз қаласына жыл басынан бері 38 жаңа автобус әкелінді. Жыл аяғына дейін 100-ге жеткізу жоспарлануда.
- Таразда инвестициялық бағдарлама аясында 17 нысан бойынша 4 183 метрді құрайтын су желілері ауыстырылады
- Таразда 145,5 шақырымды құрайтын 365 көшенің иесіз су құбырлары коммуналдық меншікке алу жұмыстары жүргізілді
- «Құмшағал» шағын ауданындағы су құбыры желілері мен сорғы станциясын қайта жаңарту (реконструкция) және Тараз қаласында жаңа 35 дана су ұңғымасының құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылды
- Таразда екі көпір салынады
- Абай даңғылын «14» шағын аудан арқылы Кенесары хан көшесіне өтеді.Жобаланған эстакаданың жалпы ұзындығы 1,360 км, оның ішінде таза эстакада 1,0 км құрайды.
- Абай даңғылы бойындағы темір жол арқылы өтетін жол өтпесі бар көлік айрығы. Жалпы ұзындығы 460 метрді, оның ішінде таза эстакада 140 метр және жаяу жүргіншілер көпірі 320 метрді құрайды.
- Таразда кәріздік тазарту кешені салынады (КОС)
Қазір тиісті министірліктердің келісімімен ТЭН (ТЭО) әзірлеуге техникалық тапсырма алынды.
- Таразда 86,8 шақырым жол(144 көше, бұрылыс, тұйық, өткел және 7 жаяу жүргінші жолы (ұзындығы 6,9 шқ)) орташа жөндеуден өтеді
- Биыл Таразда 144 көшеге асфальт төселеді
- Таразда 7 жаяу жүргінші жолы жөнделуде
- Таразда Саңырақ батыр және Шостакович көшелері қайт ажаңғыртудан өтуде
- «Бурыл» тұрғын алқабына жол салу жұмыстары басталады
- «Барысхан» тұрғын алқабына жол салу жұмыстары басталады
- Таразда мөлтек аудандардың ішкі жолдары жөнделуде
- Тараз қаласында 1500 дана жол белгісін, 1000 метр жасанды кедергі орнату және жол арнайы пластикпен таңбалау жұмыстары жүруде
- Таразда отыз жыл бойы асфальт көрмеген жолдар жөнделуде (Шалғай Қарасу, Әуежай, Тастақ, Қант зауыты тұрғын алқаптары)
- Таразда 33 шақырымнан аса арық жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
- Таразда қаланы көгалдандыру және жасыл аймақ құрудың өңірлік жоспарына сәйкес, көктем айында 7 мыңнан аса тал егілді
- Таразда «Түйте» каналының бойын абаттандыру қолға алынуда
- Таразда биыл 520 қоқыс контейнері жаңаланды
- Таразда 26 ойын алаңы салынуда
- Облыс орталығында 4 кіші футбол алаңшасы пайдалануға беріледі
- Тараз қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша 3-жылдық жол картасы әзірленді
- Тараз қаласында 493 көше мен бұрылыстар түнгі жарықпен қамтамасыз етілген
- Биыл 68 көше самаладай жарқырайды
Тараз қаласы аумағына Байзақ және Жамбыл аудандарына қарасты 14 елді мекен және 2 саяжай қосу жоспарлануда
(Байзақ ауданынанҚызыл жұлдыз, Талас, ст. Талаc ауылдары,Жамбыл ауданынанШайқорық,Танты, Қоңыртөбе, ст. Шайкорык, Ақбұлым, Кемел, Түрксіб, Пригородное, Жалпақтөбе, Қызылшарық, Бектөбе ауылдары.)
- Тараз қаласы екі әкімшілік аумаққа бөлінеді
- Жаңадан бекітілетін Бас жоспарға сәйкес, қала аумағын Байзақ және Жамбыл аудандары есебінен 12 905,3 гектарға ұлғайтылады
- Биыл Таразда 63 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда
- Таразда 7 мектеп пен 1 бөбекжай-бақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 116 925,3 мың теңге бөлінді
- Таразда 34167 адам қамтылған 319 қалалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді
- Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізілуде
- Тараздағы 10 көшеге жаңа атау берілді
- Қала әкімі 12-і кездесу, 60 жеке қабылдау өткізді
- «Құмшағал» тұрғын алқабында спорт кешені салынуда