Оның аясында өтелмеген жаза бөлігі айыппұл төлеу арқылы неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылып, бостандыққа жолдама алған қордайлық азаматқа тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, бұл күні мекеме қызметкерлері сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылған 25 жастағы жігітке еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Айта кетейік, дәл осы азамат Қылмыстық Кодекстің 345 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.