Оқу-жаттығу барысында табиғи өрттің елді мекендерге өту қауіпін ескерумен төтенше жағдай орын алған аймаққа жақын орналасқан елді мекендегі халықты құлақтандыру, адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру және жинау пунктерінің жұмысын ұйымдастыру, табиғи өртті сөндіруге қатысушы жергілікті атқарушы органдардың ерікті өртке қарсы құрылымдарының, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман өрт сөндіру командаларының және азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің іс-әрекетін табиғи өрттерді сөндіру алгоритмге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету бойынша сұрақтар пысықталды.
Бауырлас Қырғыз Республикасымен трансшекаралық аумақта шартты табиғи өрттерді сөндіру бойынша оқу-жаттығуға барлығы 123 адам және облыстық қызметтердің 30 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі