ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДӘЙЕКТІ ВИДЕОЛАР ЖАРИЯЛАНДЫ «turaninfo.kz» ақпарат агенттігі.
8 ақпан қараған түні Масаншы, Сортөбе ауылдарында жаппай тәртіпсіздіктер орын алып, күш көрсету, тонау, мүлікті бұзу, өрттеу және жоюмен ұштасқан. Өкінішке орай, зардап шеккендерде бар. Біздің он бір азаматымыз қаза тапты. 192 адам әр түрлі деңгейдегі жарақат алды. Оның ішінде 19 полиция қызметкерлері.
Аталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сот санкциясымен 7 адам қамауға алынған.
Кеше Жамбыл облысы, Алматы және Шымкент қалаларында жаппай тәртіпсіздік қатысқан белсенді қатысушыларды ұстау бойынша арнайы операциялар жүргізілді. Оның нәтижесінде 25 адам ұсталып, олардың ішінде қазақтар, дүнгендер және қырғыз ұлттары бар. Оның жетеуі бұрын сотталған. Істердін тергелуі жалғасуда және біздің қатаң бақылауымызда. Жиналған дәлелдемелерге тиянақты талдау жүргізіліп, жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың ролі баға берілуде.