Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «Қордай» Ветеринариялық бақылау пунктінде Қырғыз Республикасына балық өнімдерін заңсыз өткізу әрекеті анықталды.
Пункттің ветеринариялық-санитариялық инспекторы жүргізген тексеру барысында екі автомобиль тасымалданатын өнімге тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз 8 тонна балық өнімін тасымалдағаны анықталды.
Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, жүк қайтарылды.
Жүргізушілерге ветеринариялық бақылаудағы жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдауға қатысты ветеринариялық заңнаманың талаптары, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту үшін барлық қажетті құжаттарды алудың маңыздылығы түсіндірілді.
ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі