Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауында
«Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс. Бұл аксиома әлі де бүгінгі күннің шындығына айналмай отыр. Мысалы, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл Президент Әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған мәселені зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады»,-деп айтқан болатын.
Осы мақсатта, Жамбыл облысы Қордай ауданының ауылдық округ әкімдері арасынан «ТИІМДІ ӘКІМ» атты онлайн бәсекеге дауыс беру 11-ші қараша күні басталған болатын. 20-қараша күні өз мәресіне жетіп «ТИІМДІ ӘКІМ» жобасына қатысып, бақтарын сынаған 3 ауданның тіпті
ОРТАҢҒЫ деңгейімен санағанда Қордайдың ҮЗДІКТЕРІ 100 дауысқа да жете алмады. Ауданда 143 827 тұрғын бар десек, тұрғындардың 4/1 бөлігі ғана өз ауылдық округ әкімдерін танитынын көрсетті. Ең жоғары 71 дауысты иеленген әкім Жамбыл ауылдық округінің әкімі Айдар Биримкулов болды. Ал 28 дауыс жинаған Степной ауылдық округінің әкімі Жусупбек Спанов екінші орынға жайғасты.
Қызығы, аталған ауданда ешқандайда БІРІНШІ ТӨРТТІК пен ЕКІНШІ ТӨРТТІК деген орындар болмайды. Оларды АУТСАЙДЕРЛЕР деп келтірген жөн шығар. Себебі, 10 дауыстан аз жинаған әкімдер өз жұмыстарының, өз тұрғындарының арасындағы қаншалықты сыйлы екендерін көрсетіп отырғандығы айқын көрінеді. Алға ауылдық округінің әкімі Берик Абильдаев, Қаракемер ауылдық округінің әкімі Жулдызбек Бакаев, Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов, Қарасай ауылдық округінің әкімі Кулжахан Елемесова, Кенен ауылдық округі әкімі Нуркен Жаманкозев, Қарасау ауылдық округінің әкімі Рая Жасыбаева, Қасық ауылдық округінің әкімі Карлыгаш Исагулова, Масаншы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Рамазан Малиев, Ауқатты ауылдық округінің әкімі Бирлик Манкеев, Қақпатас ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушысы Асет Меирманов, Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Еркебай Мырзагулов, Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бакдаулет Садырбаев, Қордай ауылдық округінің әкімі Бакыт Сахатов, Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Талгат Урустемов, Ноғайбай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Габидин Тулакбаев, Үлкен Сұлутөр ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Бахыт, Конырбаев, Отар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Дархан Темирге өз дауыстарын берген.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы бойынша «Тиімді Әкім» жобасы әлеуметтік желі қолданушылары өз дауыстарын берді.
Дауыс беру Facebook әлеуметтік желісі Turaninfo.kz тобында өтті.