Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы жаңа бағдары» тақырыбында мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған Тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өтті.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асырудағы негізі бағыттары және тәрбиелеу-білім беру процесінде «ойын арқылы оқыту» қағидасының маңыздылығы туралы мәселелер айтылып, іс-тәжірибелер таратылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен өзара ықпалдастықта жұмыс істеуді дамыту қажеттігі туралы сөз қозғалды.
Аталған жиында 140 педагог бас қосты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы