Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 1969 жылы қараша айында Шу қаласы орталығындағы арнайы кітапханасын қысқарта отырып, Тараз қаласында ашылғанына биыл 55 жыл толды. Жамбыл облысы бойынша 1 облыстық және аудандық орталықтандырылған кітапханаларда 9 аудандық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімдер ашылған.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 4 бөлім, 1 сектор жұмыс жасайды. Кітапхананың штат кестесі бойынша 24 адам жұмыс істейді, сала бойынша 19 кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мәдени кітапханалық библиографиялық қызмет көрсетеді.
Оқырман саны – 3018, оның ішінде зағиптар саны – 935. Кітап қоры – 40195 оның ішінде мемлекеттік тілде -19346 дана кітап. Оның ішінде:Нүктелі-бедерлі әдебиеттер саны -5479 дана, дыбыстандырылған -6905 дана, бедерлі-графикалық құралдар 75 дана.
Жыл басынан 7000 мыңға жуық оқырманның қатысуымен мемлекеттік мерекелерге, айтулы күндерге, жазушылардың, ақындар мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған 94 іс-шара өткізді. Оның 86-ы офлайн, 8-і онлайн. Жыл басынан бері өткізілген ірі іс-шараларда өнер қайраткерлері, жазушылармен және ақындармен кездесулер, әдеби және шығармашылық кештер өткізіліп келеді.
Ірі жобалар мен үйірмелер жұмысы нәтижесі бойынша Инклюзия бағытында 13 жоба және 2 үйірме жұмыс істейді.
Кітапханашылардың біліктілігін көтеру мақсатында жыл бойына кітапханшылар 12 семинар тренингтар мен конференцияларға қатысты.
Оның ішінде 5 республикалық, 5 облыстық, 2 халықаралық.
Облыстық газеттерге 38 мақала жарияланса, Республикалық бақ беттеріне 1 мақала жарияланды. Жергілікті телеарнада 48 түсірілім болса, Республикалық телеарнаға 1 түсірілім болды. Сонымен қатар жергілікті және Республикалық сайтарға жарияланған мақалалар саны 97-ні құрайды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі