28.01.2020 ж. сағат 08:00-дегі Жамбыл облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдары, сонымен қатар «Қордай» «Күйік», «Шақпақ» және «Хантау» асуларындағы жол қозғалысы ашық. («Б. Момышулы-Көлтоған-Қошқарата» облыстық маңыздылығы бар және республикалық маңыздылығы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 536-593 шқ – жүк автокөліктеріне жүру тоқтатылды)
27.01.2020 сағат 15:10-да, Жуалы ауданы, «Б. Момышулы-Көлтоған-Қошқарата» облыстық маңызы бар к/ж 5-76 шқ бөлігінде ауа-райының нашарлауына байланысты (боран,қатты жел) барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
27.01.2020 ж. сағат 15:50-де, Жуалы ауданы, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар к/ж (Айша бибі ауылы, Түркістан облысы шекарасы 536-593 шқ) бөлігінде ауа-райының нашарлауына байланысты (бұрқасын жел, көрінудің нашарлауы) барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды.
28.01.2020 ж. сағат 04-35, Жуалы ауданы, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар к/ж (Айша бибі ауылы, Түркістан облысы шекарасы 536-593 шқ) бөлігінде ауа-райының жақсаруына және жол төсемін тазалауына байланысты автобустармен жеңіл автокөлік түрлеріне қозғалыс ашылды.
Көлік жолының жабылуы кезеңінде Айша-бибі ауылынан шыға берісте жалпы саны 228 автокөлік, оның ішінде 117 жүк, 100 жеңіл, 9 автобус (2 жолаушысы бар) және 2 шағын автобус (жолаушыларсыз) жиналған.
ТЖД күшімен қар құрсауында қалған 49 автомашинадан 76 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлерге Ертай ауылынан Б. Момышұлы ауылына ауру балаларды және олардың туыстарын жеткізуге көмек көрсетілді, барлығы 6 адам, оның ішінде 2 бала. Жолдың тазаланған учаскесіне 9 автокөлік шығарылды, қалған 40 автокөлік қар құрсауында қалды. Көлік жиналған жерден Тараз қаласы Айша-бибі ауылында орналасқан «Тараз» темір жол бекетіне 10 адам эвакуацияланды.
3 елді — мекенде 9 жылыту пункті бар: Б. Момышұлы ауылы (Ломоносов атындағы атындағы орта мектеп, Сыздықова атындағы ОМ, Акимов атындағы ОМ, Қонаев атындағы ОМ, Герцен атындағы ОМ — 43 адам ыстық тамақпен қамтылды.), Бектөбе ауылы (ОМ).
Темір жол көлігімен Тараз станциясынан Шымкент қаласына 110 адам, Боранды станциясынан Тараз қаласына 78 адам отырғызылды.
Республикалық және облыстық маңыздылығы бар көлік жолдардың аушылуы және жабылуы бойынша, дауылдық ескертулер және «Қауырт желі» телефоны бойынша ақпараттар «Дармен» мобильдік қосымшасына жүктелді.
Жамбыл облысы ТЖД базасында жедел штаб жұмыс істейді. Халыққа ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында 8(7262) 51-41-67 телефоны ашылды.
«Қауырт желі» телефонына – 76 қоңырау түсті, оның ішінде 75 қоңырау ақпарат мақсатында және 1 қоңырау психологиялық көмек мақсатында.
Барлығы 67 адам мен 31 бірлік техника жұмылдырылды: ТЖД (24 қызметкер мен 9 бірлік техника), «Казахавтодор» ЖШС (19 қызметкер мен 11 бірлік техника), ЖПҚ (18 қызметкер мен 9 бірлік техника), ЖМКБ (6 қызметкер мен 2 бірлік техника).