• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі тұрғындардың кез келген мәселесін назардан тыс қалдырмауды тапсырды

12.02.2021
0
Облыс әкімі тұрғындардың кез келген мәселесін назардан тыс қалдырмауды тапсырды
511
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбектің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты.

М.Өмірбек өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады.

— Өнеркәсіптік кәсіпорындар 6,4 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 35,4 миллиард теңгені құраса, 4284 гектарда заманауи ылғал үнемдеу технологиялары қолданылуда. 38 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

— Меркі қант зауытына өткен жылы жергілікті шаруалар 55,7 тонна қызылша өткізген десек, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,1 мың тоннаға артық. Бүгінгі таңда «Меркі қант зауыты» ЖШС шаруалар алдындағы қарыздарын толық өтеген, — деді М.Өмірбек.

Сонымен қатар, өткен жылы онлайн режимінде екі жер аукционы өткізілді, оның барысында жалпы құны 28,2 миллион теңге болатын 12 жер телімі жаңа иелерін тапты. Ағымдағы жылы осындай аукциондарды әр тоқсан сайын өткізу жоспарланып отыр.

 — Бұл кәсіпкерлерді қолдауға және салық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді, — деді аудан әкімі.

М.Өмірбектің айтуынша, 2020 жылы жеті мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Гранитогорск ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңасы салынды. Аудандағы 45 елді мекеннің 38-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алтынарық, Құмарық, Қайыңдысай және Аралқыстақ ауылдарында су сорғы станцияларын салу мен су құбырын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалған.

 «Дипломмен — ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында 102 маман 28,3 миллион теңге көтерме жәрдемақыға ие болды. 48 жас маманға тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 203 миллион теңге берілді.

Өңір басшысының бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасының арқасында 14 мұқтаж отбасы баспанамен қамтылған.

Сондай-ақ, Мейірхан Өмірбек биылғы жоспарларымен де бөлісті.

— Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында құны 997 миллион теңге болатын тоғыз жобаны іске асыру жоспарлануда. Туризм саласында үш жобаны жүзеге асыруға 880 миллион теңге көлемінде инвестиция күтілуде. Сондай — ақ, бір мектептің құрылысы және екі мектептке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, — деді ол.

Бердібек Сапарбаев аудандағы суармалы су мәселесінің өзектілігін атап өтіп, аудан әкімдігіне ылғал үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Кездесуге қатысқан тұрғындар бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Олар ауылдарда әлеуметтік павильондар ашу керектігін алға тартты. Ауыл тұрғындары дәрі-дәрмектің қымбаттығына да наразылықтарын білдірді.

— Әлеуметтік дүңгіршектер Таразда және аудан орталықтарында жұмыс істейді, ал жақын арада әрбір елді мекенде ашылатын болады. Ал, дәрі-дәрмектерге қатысты, әркім мемлекеттік деңгейде белгіленген бағалардың шекті деңгейі белгіленгенін білуі тиіс. Егер одан асып кетсе, бұл туралы тиісті органдарға хабарлау қажет. Аталған фактілер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, тәртіп бұзғандар жазаланады, — деді Бердібек Сапарбаев.

Сыпатай батыр ауылының тұрғыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Меркі ауданының Құрметті азаматы Шырын Мамасерікова меркіліктер атынан облыс әкіміне алғысын жеткізді.

— Сіз қай жерде жұмыс істесеңіз де, барлық көрсеткіштер бойынша өсу басталады. Сіздің бұл жолғы мақсатыңыз біздің өңірді дамыту болғанына біз өте қуаныштымыз. Меркі ауылдарында оң өзгеріс байқалады, күн санап тұрғындардың әл-ауқаты артуда, — деп атап өтті ол.

Бердібек Сапарбаев Мейірхан Өмірбекке көтерілген мәселелердің әрқайсысымен жұмыс жасап, шешуді тапсырды және табиғи газ, ауыз су, суармалы сумен қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелерді шешуге ықпал етуге уәде берді.

— Тіпті, ұсақ мәселелердің өзін елемеу ерте ме, кеш пе, жалпы аудан экономикасына да, азаматтардың өмір сүру сапасына да әсер етуі мүмкін. 2021 жылға ауқымды жұмыстар жоспарланған, қазақстандықтардың, оның ішінде меркіліктердің өмір сүру деңгейін жақсартуға қомақты қаражат бөлінуде, оны тұрғындардың игілігі үшін тиімді жұмсау қажет. Жастарды, әсіресе, кәсіпкерлікпен және ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүргендерді барынша қолдап, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, олардың маңыздылығын көрсету керек. Мысалы, қазір білікті жас агрономдар өте аз. Жастар осында қалып, туған ауылына көмек көрсетуі үшін ауылдық жерде жұмыс жасаудың маңыздылығын арттыру қажет, — деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Меркі ауданының әкіміне азық-түлік бағасының өсуін бақылауды тапсырды. Әр отбасы жеміс-жидек, ет, көкөніс және балықты белгіленген қолжетімді бағада сатып алуы тиіс.

Бұдан соң Бердібек Сапарбаев «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

19.06.2025
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

19.06.2025
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты