III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ тоқсан болып саналады, ол 10 оқу аптасына созылады.
IV тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.
Бұған дейін министрлік орта білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалыс күндерін бекітті.
Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.