Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
1. кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (қосымша);
2. өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3. сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4. психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5. кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі;
6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:
1. Кандидатты тиісті Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының хаттамасынан үзіндіні.
2. Коммерциялық емес ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
3. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар бөлігіндегі 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектер субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынылады.
Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ.