Бүгін Астана қаласында Қоғамдық кеңестердің І Республикалық мәжілісі басталды.
Мәжілістің мақсаты қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру, олардың оң тәжірибелерімен алмасу және тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы олардың ролін жоғарылату болып табылады.
Мәжіліске Қазақстандағы барлық қоғамдық кеңестердің мүшелері, Үкімет Басшылары, ҚР Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының сарапшылары мен блогер қатысуда.
Шара барысында панельді талқылаулар мен семинар-тренингтер, сонымен қатар Қоғамдық кеңестердің 2 жылда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы Көрме ұйымдастырылды.
TURANINFO.KZ