«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Дауыл Бейсенқұлов тағайындалды.
Қызметке жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарды «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.
– Дауыл Ынтықбайұлын сіздер жақсы білесіздер. Еңбек жолын Жамбыл ауданының аппаратынан бастап, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметін атқарған. Партиялармен, мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар, – деп атап өтті аймақ басшысы.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Дауыл Бейсенқұлов әр жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратында, аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылдың 4 мамырынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев партия облыстық филиалының ұжымымен кездесуі барысында партия қатарын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық саласының қызметкерлерімен толықтыру мәселесін көтерді.
Партия филиалының бұрынғы бірінші орынбасары Балабек Нарбаев денсаулық жағдайына байланысты қызметтен кеткен болатын