• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Денсаулық

НАЗЫМБЕКОВ ҒАНИ: Балалар 7-сыныптан спорт мектебіне түсіп, бітіргеннен кейін ата-анасы спорттан алып кетеді

08.05.2021
0
НАЗЫМБЕКОВ ҒАНИ: Балалар 7-сыныптан спорт мектебіне түсіп, бітіргеннен кейін ата-анасы спорттан алып кетеді
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Назымбеков Ғани Келесұлы – 1971 Жамбыл облысында дүниеге келген. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еркін күрестен Жамбыл облысы бойынша аға жаттықтырушы, спорт шебері, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының түлегі.

Тараз қаласындағы №25 мектепте 7 сыныпқа, одан әрі 1989 жылға дейін Алматы қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатында оқыған. Спортағы алғашқы қадамдары Алматыда басталған. Еңбек жолы, бапкерлік жолдың баспалдағы 1990 жылы Алматы қаласындағы спорт клубта бастау алып, одан әрі 1989 жылы Жамбыл өңірінде «Қайрат» спорт клубында қызмет еткен. Әртүрлі жылдары ҚР Күрес Федерациясында әдіскер, Тараз қаласындағы спортта Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында, «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығында» қызмет атқарған. Бапкердің елге белгілі, нәтижесімен үздік шыққан бірқатар шәкірттері баршылық, олардың қатарында спортшы Найзабеков Нұрсұлтанды ерекше атап өтуге болады.

Спортта табандылық қажет. Бір бала ілгері озса, енді бірі шаршы топтан қалып жатады. Баланың тәрбиесінде неге мән беру керек?

Отыз жылдай жаттықтырушы қызметімде  сараптап қарасам, көбінесе жасөспірімдер, жастар тобы ересектерге дейінгі топтарға жетпей қалады. Менің ойымша, жас кезінде көп жауапершілік беріп қоямыз, содан бала ерте спорттан кеткісі келеді. Балаларды ересектерге дейінгі топтарға жеткізу қажет. Жарты жолдан тастап кетеді. Бұрындары мектеп-интернатта бітірген қандай-қандай мықты, дарынды балалар болды. Бірақ аяғына дейін жетпейді. Спортты, күресті шын жақсы көретіндер ғана аяғына дейін жетеді. Еңбек, төзімділік, режим – осымен жүрген бала жетістікке жетеді.

Жас кезінде неше түрлі мықты, талантты балалар болды. Көптеген жарыстарарда ұтады, Қазақстанда, жасөспірімдер арасында. Ересектерге келген кезде жоқ болып қалады, ынтасы жоқ болады немесе тастап кетеді. Спортта жасқа бөлінеді. Жасөспірімдер, кадеттер, жастар, 23 жасқа дейінгі және ересектер. Осы категория бойынша жарыстар өтіледі.

Тамшы – тұрақтылығымен тас жарады.  Спорта та тұрақтылық, үздіксіз дайындық қажет. Карантин уақытында спортшылардың дайындығы қалай өтуде? 

Карантин уақытында біз жаттығуды үзбедік. Далада жаттығу жасадық, сыртта, таза ауада жаттығуды үзген жоқпыз.  Карантин уақытында облыстық спорт басқармасы, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі қолдау білдірді, жәрдем берді. Карантин уақытысы жеңілдегеннен кейін қаржылай көмек берілді. Балаларды жиыстырдық, себебі балалардың бәрі шашырап кетті. Әркім өзінің тіршілігімен болып кетті. Біреу жұмыс істеп кетті, бала шағасын асыру керек деген сияқты. Балалардың бәрінің басын қосып, таулы аймақта, өзіміздің Меркі аумағында оқу-жаттығу жиынын өткізіп тұрдық.

Бүгінгі таңда жеңімпаз болған спортшының есімі аталғанда оның бапкеріне ерекше көңіл аударылып, көп айтылмайды. Бапкерлерді де халық тану қажет емес пе? Қандай қолдау көрсетіледі? Жамбылдық спортшылардың аяқ алысы қандай?

 Мәселе дүниеде емес, мақсат – балаларды шығару. Қаншама спортшылар қатысады, бәрі биікке жете бермейді ғой, бірақ олар өмірді көреді, спортпен айналсады, ел көреді, жер көреді дегендей.  Еркін күреске бүгінгі таңда дүниежүзі қатысады. Қарасаңыз еркін күрестен Қазақстанда үш медаль болса, соның екеуі Жамбыл облысынан. Олардың қатарында  өзімнің сыныптасым, Жетісу өңірінен Мәулен Мамыров, өзіміздің Құлан ауылынан Ислам Байрамуков және Ақжүрек Таңатаров. Нәтижесіне қарасаңыз, күрес, бокс, дзюдо – медаль беріп жатқан осы спорт түрлері.

Қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан ағамыздың  сөзі есіме түсіп отыр. Жамбыл өңірінен бұрқылдап қайта-қайта осындай мықты спортшылар шығады деп жіктеп, түсіндіріп айтқаны бар еді. Сіздің пікіріңізше мұның себебі неде?

Не үшін Жамбылдан шығады? Мысалы Меркі, Құлан, Жуалы таулы өңірде. Біздің балаларымыз спортқа келмесе де олар  функционалдық тұрғыда, физикалық тұрғыда  дайын.  Мысалға, өзімнің досым, Қазақстанда командалық көкпар спортының қалыптасуына ерекше үлес қосқан танымал көкпаршы, тәжірибелі бапкер, көкпардан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, еркін күрестен «КСРО спорт шебері»,  көкпар спортынан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», көкпардан Қазақстан Ұлттық Құрама командасының бас бапкері Қуанышбек Құрамаевтың маған айтқаны бар еді: «Қарашы, бұрын жылқы зауыттарды төменнен соқпаған, таулы аймақтан соққан. Құлан – таулы аймақ. Қырғызстанда да көп болған екен бұрындары»,- деп айтқаны  есімде. Біздің де балаларымыз таулы жердің балалары болғаннан кейін, тау балалары олар физикалық тұрғыдан дайын тұрады. Өйткен, олар бала кезінен таулы жерде мал бағады. Көбіне ауыл балаларынан шығады ғой. Үйде жұмыс жасайды, физикалық жұмыс істейді, шөп шабады, атқа мінеді. Осы себептен де Жамбылдық спортшылар алдыңғы қатарда деп ойлаймын.

Спорттың да өз қиындығы мен қызығы қатар жүретіні рас. Бүгінгінің батыры кім? Елге белгісіз осы бапкерлікте, спортта қандай кедергілер бар?

Негізі жалау екі рет көтеріледі дейді өзге мемлекетте. Бірінші – президент барған кезде, екінші – спортшылар нәтиже көрсеткен кезде. Бүгінгінің батырлары – спортшылар деп ойламын. Бүгінгі таңда теледидарды қосып қалсақ әртістер туралы көп көрсетеді. Әншілер, өлең айтып ауыздарын жыбырлатқан. Оларды да көрсетсін, спортшыларды да көрсетсе екен деймін. Тек қана «Қазспорт» арнасы емес, бізде басқа да көп қой телеарналар.

Спортшыларды жиі-жиі көрсетсе, ол жастарға насихат. Ешқандай ішімдікке, арақ, темекіге жоламайды. Спортшыларымызды осындай насихаттау аз болып жатыр. Тек қана Олимпиада чемпиондары, Әлем чемпиондарын насхаттайды. Жоқ, ондай емес. Өзім жаңа айтып өткен жасөспірімдерді насихаттау керек, оларды да жастар көреді. Тек қана Олимпиада чемпиондарын емес, спортқа қатысып жүрген балаларды да көрсетсін, нәтижесі жоқ балаларды да көрсету қажет. Бұл бәріне насихат болады, стимул болады. Осындай жарнама жағы аздау.

Әр жетістікке жеткен спортшының артында оның өскен ортасы, қоғамы, ата-анасы, ұстазы, бапкері тұрары анық. Бүінгі балалардың, жастардың аяқ алысы қандай? Халыққа белгісіз бапкерлік жолда қандай қындықтар кездеседі?

Қарасам, спортқа балалар бұрынғыдай көп келмейді. Бұрында мынандай оқиғалар болған. Осында мектеп-интернатта жұмыс істеп жүрген уақытта әке-шешесі алып кететін жастарды. Балаларды әкеледі, ол балалар 7-сыныптан мектепке түседі, мектеп бітіргеннен кейін әке-шешесі спорттан алып кетеді. Оны заңгер қыламын, полиция қызметкері қыламын, болмаса тергеуші қыламын, болмаса әкімшілікке жұмысқа кіргіземін,- деп басқа салға алып кеткендері болды. Біз дайындаймыз – дайындаймыз, ата-аналары кейіннен басқа салға алып кетеді. Спорттағы ересектер тобына осы себептен жетпей қалады. Амал жоқ,  басқа балаларды дайындаймыз. Менде кетіп қалған осындай мықты, жақсы балалар көп болды.

Оқушыларым қазір де хабарласып тұрады. Бірақ олар кейін бес-алты жыл, он жылдан кейін өкінетіндігін жеткізеді. «Сол кезде бүйту керек еді, күресу керек еді, қазір жүретін едім»,- деп. Өйткені, сонымен қатар болған балалар бүгінгі таңда жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Дегенмен, әрқайсысының өзінді тағдыры, шекесіне жазылғаны. Мен балаларға айтамын, спорт та мәңгілік емес, уақытша, сол уақытында, әр кезеңнің уақыты бар, темірді қызған кезде басу керек, сол темірді қызған кезде басыңдар. Қазір сендер осы уақытта еңбек етіңдер, шығасыңдар,-деп.

Бізде 90 пайыз ауылдың балалары. Өзім жаңа айтқандай Жамбыл облысының балалары. Меркі, Құлан. Олар осында оқуға түседі, содан кейін оның бәрі чемпион емес, олардың ішінде орта балалар болады, мүмкін нәтижесін кейін көрсетеді. Осындай балалар болады, сондай кезде қиыншылық туындайды. Тұратын жері, тамағы, әрқайсысының туған-туыстары жоқ, осындай мәселе туындап тұрады. Соған біз спонсор іздейміз, осы секілді  мәслелер бізде, бапкерлерде болып тұрады.

Бірақ, қазір Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы бар. Оның ішінде бәрі бар. Жаттығу залы да ішінде, тамақтанатыны да, жататаны да. Сол ашылғалы бізге жеңілдік болды. Бірақ, ол жер қазір карантинге байланысты жабық. АЛЛАНЫҢ қалауымен өтіп, балалар бар өздері үй жалдайды, бірге тұрады. Өйткені кәсіби спорт болғаннан кейін, ересек болғаннан кейін оларға тұрғылықты жер, таңғы, түскі, кешкі ас, тамақтану режимін дұрыс қою керек. Дұрыс тамақтану болмаса, біз «нагрузка» берсек, олар оны көтере алмайды. Ұйқысы тыныш болу керек, осындай мәселелер болып тұрады. Материалдық жағдайға көп нәрсе тіреліп тұр. Оқу-жиын жаттығудың өз уақытысы бар, қалған уақыттарда балалар осы жерде жаттығу жасау керек, сол уақыттарда ауыл балаларында қиыншылық пайда болады. Ал, қаланың балаларына жақсы, үйлері осында. 

Өткен шаққа көз тастап, жиындарда айтып жүретін, осы саладағы, дайындық барысындағы,  жарыс кезінде қызықты сәттермен бөліссеңіз.

Ақжүректің күресіп жүрген уақытында, көп сапарға шықтық. Мен бар, Әділет бар, Ақжүрек бар. Сол бір Олимпиадаға барған кезде оқиғаны айтып берейін. Біз облыстан барып, Лондонға барып түстік. Аэропортқа барып түскен кезіміз есімде. Ешкімді танымаймыз, тіл білмейміз. Кеденнен өттік, Әділет ағайымыз айтады: «Ғани ағай не істейміз, қайда барамыз»,-деп. Ол кезде оразаның кезі, намаз уақытысы келіп қалған. Қазір мешітті біліп алайық,-деп бір волонтердің қасына келіп тұрмыз. Енді сұрай бергенімізде, артымнан бір кісі келіп: «Ассалаумағалйкүм»,- дейді ғой бізге. «Уағалейкүмассалям»,-деп біз. Кімдерсіздер? Біз қазақпыз. Өзің кімсің? Мен де қазақпын, осында жұмыс істеймін, студентпін,-деді. Лондонда, қазақ жігіт.. тіл біледі, ел біледі… Сол жігіт бізді алып жүрді, метромен бардық, қонақ үйге сол жігіт жеткіді. АЛЛАНЫҢ қалауымен, жаңағы жігітті жіберіп отыр ғой бізге. Бізге көп көмек көрсетті. Аты-жөні есімде жоқ, одан бері он жыл өтіпті. Сол баланың көмегі бізге тиді. Метрода біз 1 сағат 45 минут жүрдік. Сол жерде біз адасатын едік. Қала білмейміз, тіл білмейміз.Сол жігітке АЛЛА разы болсын, бізді апаратын жерге апарып, қонақ үйге жеткізіп, жол көрсетіп, көмектесті. 

Өздеріңіздің алдағы уақытта жоспарларыңыз қандай?

Енді Токио Олимпиадасына дейін төрт-бес ай қалды. Төрт жылда бір болатын Олимпиада былтыр карантин себебінен болмай қалды. Бұйырса, жол ашылса, барсақ деген ойдамыз, мүмкін, АЛЛА қаласа ауру тоқтар. Біз жалауды көтеріп, ел спортшыларына демеу көрсетсек деп отырмыз.

Жұмыстарыңыз жемісті болып, еңбектеріңіз елене берсін!

Сұхбаттасқан Ерсұлтан Нүсіпжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер: бапкерГани КелесовичҒани Келесұлыеркін күресжаттықтырушыНазимбеков ГаниНазымбеков Ғаниспорт
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты